Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 16:00

Жаңалықтар 16:00

ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Сенат қабылдаған саяси партиялар мен сайлау туралы заңға пікір білдірді. «Заңға сәйкес, саяси партияларды тіркеу барысындағы кедергілер 2 есе қысқарады және партиялық сайлау тізімінде әйелдер мен жастарға 30 пайыз міндетті квота енгізіледі. Бұл өзгерістерге 2019 жылы желтоқсанда өткен Ұлттық кеңестің 2-отырысындағы саяси реформалар топтамасы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастама жасаған еді. Міне, бүгін осынау жаңа нормаларды сенаторлар мақұлдады», - деп жазды ол Facebook парақшасында.

***

Оның атап өтуінше, аталған нормалар байыпты саяси жаңашылдық саналады. Айталық, мәслихаттардағы 3 335 орынның тек 740-ында ғана әйелдер мандатқа ие болған. Ал 29 жасқа толмаған жас депутаттардың саны - небәрі 53 қана. Сондықтан бұл нормалар әйелдер мен жастарды елдің қоғамдық-саяси процестеріне барынша кеңінен әрі белсенді тартуға септігін тигізеді, - деді Ерлан Карин.

***

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 7 мыңнан асты. Кеше бір күнде 265 адамнан індет анықталған. Оның 84-і Нұр-Сұлтаннан, 60-қа жуық адам Алматыда тіркелген. Қазіргі таңда коронавирус жұқтырғандар саны 7234-ке жетті. Жазылып шыққандар саны 3700-ден асады. 35 науқас індеттен көз жұмды.

***

Қазақстанда Мароккалық шегірткенің алғашқы таралу ошақтары анықталды. 2020 жылы республикада үйірлі және сая шегіртке зиянкестері 824 мың гектарға таралуы күтілуде. Осы болжамдарға сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі өткен жылдан бастап ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен күрес жөніндегі іс-шараларға ауқымды дайындық жүргізген. Атап айтқанда, республикалық және жергілікті бюджеттерден 1,5 миллиард теңге бөлінген, оларға пестицидтердің әр түрлі топтарының препараттары, сондай-ақ болжанатын барлық алаңға химиялық өңдеу жұмыстары бойынша қызметтер сатып алынған.

***

АШМ мамандары шегіртке зиянкестерінің ошақтарын GPS навигаторлар мен трекерлердің көмегімен іздеу барысында республика бойынша шамамен 40 млн га жер көлемін зерттеу жоспарланғанын атап өтті. Алғашқы қорғау іс-шаралары республиканың оңтүстік аймақтарында 10 сәуірден басталды. Түркістан және Жамбыл облыстарында Марокко шегірткесі 143 мың га алаңда анықталды. Қазіргі уақытта зиянкестер қоныстанған алаңның 67% - дан астамы өңделді. Басқа аймақтарда шегіртке зиянкестерінің таралу ошақтарының анықталуына байланысты химиялық өңдеу жұмыстары басталады. Көршілес мемлекеттермен шекаралас аумақтарда бірлескен зерттеулер жүргізіледі. Бұл туралы ҚР АШМ мамандары РФ, Қытай және Өзбекстаннан келген әріптестерімен алдын ала келісімге келген.