Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Катар Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетті

Катар Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетті

Нұр-Сұлтанға «Qatar Airways» әуе компаниясының арнайы рейсімен 9 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Катар Әмірі ұлы мәртебелі шейх Тамим бен Хамад Әл-Тәнидің тапсырмасын орындау мақсатында бүгін катарлық әуе желісімен гуманитарлық-медициналық көмек тиелген чартерлік рейс келді. Бұл көмектің Қазақстан Үкіметіне коронавирустық инфекцияны жеңуге көмектеседі деп үміттенемін. Жалпы салмағы 9 тонна болатын көмекте маска, халат, қорғаныс құралдары бар», - деді Қазақстан Республикасындағы Катар елшісі Абдулазиз бен Султан Аль-Румейхи Нұр-Сұлтан әуежайында.

Елші Катардың бірқатар елдерге гуманитарлық көмек көрсетіп жатқанын жеткізді.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Ержан Мұқаштың айтуынша гуманитарлық жүкте дәрілік заттар мен препараттар жоқ.

Катардың көмек жіберетіні туралы ақпарат үш күн бұрын белгілі болған. «Уағдалстық бойынша гуманитарлық көмекті күтіп аламыз. Бұл үшін Катарға алғыс айтамыз. Катар - елімізге көмек көрсеткен Араб елдері арасындағы екінші мемлекет.

Бір ай бұрын Біріккен Араб Әмірліктері гуманитарлық көмек жіберген еді. Көмек қазақстандық тараптың өтінішімен беріледі», - деді Е. Мұқаш.

Гуманитарлық көмекті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «СҚ-Фармация» ЖШС өкілдері қарсы алды және еліміздің медициналық ұйымдарына таратылады.