Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Коронавирусты емдеу мен бақылаудың қазақстандық әдісі әзірленбек

Коронавирусты емдеу мен бақылаудың қазақстандық әдісі әзірленбек

Қазақстандық ғалымдар персоналды және превентивті медицина арқылы COVID -19 бақылау, алдын алу мен емдеудің қазақстандық әдісін әзірлемек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін Алматыда ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен 2020-2022 жылдарға арналған «Қазақстанда персоналды және превентивті медицина енгізу туралы» ғылыми-техникалық бағдарламаға арналған кеңес өтті.


Министр бастаған топ пен республикалық ғылыми қоғамдастық бактериология, вирусология, иммунология және молекулалық генетика мәселелерін талқылады.

Негізгі баяндамашы С.Д. Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры Б. Жүсіпов 2020-2022 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында персоналды және превентивті медицина енгізу туралы» ғылыми-техникалық бағдарлама ұсынды.

Ғылыми жобаның мақсаты - денсаулық сақтау саласына геномдық, жасушалық және ақпараттық технологиялармен бірге персоналды медицина енгізу, сондай-ақ негізгі инфекциялық емес аурулардың және COVID-19 профилактикасын, терапиясын басқаратын шешімдер әзірлеу.

Бағдарлама іске асса, эпидемиологиялық, экономикалық, нормативтік құралдарды қолданып, генетикалық факторларды ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен COVID-19, негізгі нозологиялар бойынша Қазақстанда персоналды профилактика мен терапияны енгізу үшін дәлелдеме базасын, оның ішінде отандық референттік геном құрылады. Сондай-ақ, адамның генетикалық ерекшеліктерін ескере отырып антиденелердің таралуын, вирустың және аурудың дәрежесіне әсер ететін, COVID -19 бақылау, алдын алу және емдеу әдістерін әзірлеу мәселесі қаралды.

Созылмалы дерті бар пациенттерді емдеу нәтижесін жақсарту үшін олардың жеке сипаттамаларын ескеретін жасанды интеллект енгізу де талқыланды.

Кеңеске еліміздегі жетекші ғылыми ұйымдар: Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың қызметкерлері, ғалымдар, министрлігінің ведомстволық ұйымдары қатысты.

Кездесу соңында Елжан Біртанов қатысушыларға алғыс білдірді.

COVID-19 диагностикалау мен емдеу үшін жаңа ғылыми компоненттің өте маңызды екенін және ол практикада аса қажеттігін ескерді.

Министрдің айтуынша, коронавирус инфекциясын ғылыми зерттеулер вируспен күресудің және оның таралуын тежеудің тың жолын көрсетеді.

Біртанов ғылыми тәжірибені превентивті медицинаға тезірек имплементациялау үшін тиісті ұйымдармен бірге институционалдық рәсімдерді іске қосуды және ҚР ДСМ жанынан эпидемиология мен биоқауіпсіздік мәселелері бойынша мамандандырылған консультатциялық-кеңес құруды тапсырды.