Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Теңгенің цифрлық аналогы болуы керек – Бағдат Мусин

Теңгенің цифрлық аналогы болуы керек – Бағдат Мусин

Мұндай жаңашылдық кірпіш алуға қанша қаржы кеткенін, адамдардың жалақысына қанша жұмсалғанын анықтауға көмектеседі.

Президенттің кеңесшісі Бағдат Мусин сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы құрал құрылса, адамдардың заңға сәйкес жұмыс істеп, мойынсынудан басқа амалы қалмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен процестерді цифрландыру туралы ғана ойламаймын. Мысалы, мемлекеттік сатып алу кезінде ақшаны қолма-қол шығару алу мәселесі бар. Мемлекеттік сатып алуды ұтып алғаннан кейін оны ақшаға айналдыру керек. Мұның бәрі алдын алу мақсатында цифрлық бақылау орнатпаудан болып отыр. Оны ақшаға айналдырғаннан кейін барып анық-қанығын білеміз. Менің идеям бойынша теңгенің цифрлық аналогы болуы керек және ол боялған болуы қажет», - дейді Мусин Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте өткен брифингіде.

Оның айтуынша, мысалы, көпір құрылысына 3 млрд теңге бөлінсе, әр теңге цифрландырылғандықтан, ол монитор жүйесінде көрініп тұратын болады.

«Бұған уақыт керек. Бұл биткоин аналогы, бірақ биткоиннің өзі емес. Екеуін шатастыруға болмайды. Оны биткоин сияқты жүзеге асыру қиын емес. Биткоиннің технологиясы жақсы, біз оның пайдалысын ғана алуымыз керек», - дейді Президент кеңесшісі.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мұндай құрал құрылған жағдайда көптеген жемқорлық фактілерінің алдын алуға болады.

«Адамдар заң бойынша жұмыс істеу керек екенін түсінуі керек. Мұның бәрін 2-3 жылда жүзеге асыруға болады. 1 жылда іске асыруға болатын оңайырақ тәсіл бар. Екінші деңгейлі банктермен, Ұлттық банкпен сөйлесу керек. Бұл бірден болады деп айту қиын, бірақ цифрландыру жұмыс тәртібінде тұр, сондықтан оны неге қазірден бастап қолға алмасқа?», - дейді Бағдат Мусин.