Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 13:00

Жаңалықтар 13:00

23 05 20 13 00

• Жүргізуші куәлігін электрондық үкіметтен алуға болады.

• Пәкістанда болған ұшақ апатынан екеуі ғана тірі қалған.

• Әлемде коронавирус жұқтырғанғандар 5 млн. 300 мыңға жетті.


Қазақстан мен Түркия арасында авиарейстер қайта жандануы мүмкін. Бұл мәселені Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Қараисмаилоғлы телефон арқылы талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрлер екі елде де эпидемиологиялық ахуал жақсарған жағдайда барлық санитарлық талапты сақтап және жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасай отырып, маусым айының үшінші онкүндігінде әуе рейстерін қайта жандандыру мүмкіндігін талқылады.

*****

Маңғыстау облысындағы балабақшаларда кезекші топтар жұмысын бастады. Әкімдік таратқан хабарламаға сәйкес, бүгінгі таңда аталған топтарда 865 бала, яғни барлық балабақша тәрбиеленушілерінің 2% бар. 364 педагог пен 685 техникалық қызметкер штаттық режимде жұмысқа шықты. Балабақшаларда топтағы балалар саны 10-нан аспайды.

*****

Жүргізуші куәлігін электрондық үкіметтен алуға болады. «Электрондық үкімет» порталында жүргізуші куәліктерін беру бойынша көрсетілетін қызмет жетілдірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл қызметті мерзімі өткен, тегін, атын және әкесінің атын ауыстырған, құжатты жоғалтқан немесе ұрлатып алған кезде пайдалануға болады. Ол үшін eGov.kz порталына кіру керек, «Көлік және коммуникация» қосымша бетін таңдау. «Автомобиль көлігі» бөлімінде «Жүргізуші куәліктерін беру» көрсетілетін қызметін таңдау қажет.

*****

Әлемде коронавирус жұқтырғанғандар 5 млн. 300 мыңға жетті. Соңғы тәулікте 111 357 адам вирус жұқтырған. Вирустан бүгінге дейін жалпы 340 064 адам көз жұмған. Ал кеше 5 мың жарымға жуық адам індеттен аман қалмады.

*****

Бразилия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Ресейдің алдына түсіп, әлемде екінші орынға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Америкадағы Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, 23 мамырға қараған түні Бразилияда жалпы 330 890 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелсе, Ресейде 326 448 болған.

*****

Еуропада шектеулер жеңілдетіле бастағанымен, мұнда коронавирустың екінші толқынынан зардап шекпеу үшін жаңа шаралар қабылдануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап. 8 маусымнан бастап Ұлыбританияға шетелден келген барлық адам екі аптаға созылатын карантинге оқшауланады. Келуші өз азаматы немесе шетелдік азамат болса да билік органдарына қайда аялдайтынын айтуға міндеттеледі. Жеке оқшауланудан бас тартқан адамдар 1 000 еуродан астам айыппұл төлейді.

*****

Пәкістанда болған ұшақ апатында 98 адамның екеуі ғана тірі қалған. Сарапшылар кеше таңертең болған әуе апаты орнындағы ұшақ сынықтарын мұқият зерттеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат CBS News агенттігіне сілтеме жасап. Бортында 100-ге жуық адам отырған Airbus ұшағы Карачи қаласындағы үйлердің үстіне құлаған. Апат кезінде екі адам тірі қалған. Лахордан ұшып шығып, Карачиға қонбақ болған ұшақтың екі қозғалтқышы да істен шыққан.