Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 15:00

Жаңалықтар 15:00

23 05 20 15 00

  • Батыс Қазақстан облысында автокөліктің өртенуі жиілеген.
  • Алматыда келер аптадан бастап бірқатар нысан ашылады. 
  • Жамбыл облысының бірқатар әкіміне сөгіс жарияланды. 
  • Алматыда тағы да «Сергек» камералары орнатылады.  

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласы мен Байзақ және Талас аудандарының әкімдеріне карантин режимін тиісті дәрежеде қамтамасыз етпегені үшін сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жамбыл облысы бойынша жедел штабтың кезекті отырысында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал талқыланды. Статистикаға сәйкес, аймақта COVID-19 өсімі байқалады. Бұл жергілікті алдын-алу жұмыстарының әлсіздігін және карантиндік шаралардың тиісті деңгейде сақталмай отырғандығын көрсетеді деді облыс басшысы. Басқосуда халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін 25 мамырдан қайта бастау туралы шешім қабылданды. Ал, қоғамдық көлік қозғалысын қалпына келтіру мәселесі дүйсенбі күні өтетін кезекті штаб отырысында талқыланады.

*****

Алматыда тағы 380 "Сергек" камерасы орнатылады. Бұл алматылық жүргізушілердің сергектігін арттырады. Қосымша камераларды 210 жол қиылысы, 170 сызықты аймақтарда орнату жоспарлануда. Жыл басынан бері қала жолдарында 214 500-ден астам жол ережелерін бұзу фактілері анықталған. 1 миллиард 267 миллион 533 мың теңге айыппұл салынған.

*****

Бүгіннен бастап Шығыс Қазақстанда қалааралық автобустар қайта жолға шықты. Сонымен қатар балабақшалар да ашылады. Ал автовокзал карантиндік талаптарды сақтап қызмет көрсетуге әзірленуде. Әрбір жолаушы арнайы посттан өтеді. Кабинетте инфрақызыл сәуле арқылы дезинфекция жасалады, бұдан бөлек санитайзерлер және тіпті аяқ киімді зарарсыздандыратын кілемшелер де төселген. Алғашқы жолаушылар автобусы Ұлан ауданына шыққан.

*****

Алматыда 25 мамырдан бастап Сауда үйлері, Сауда орталықтары, Сауда ойын сауық орталықтары аумағында орналасқан азық-түлік емес бутиктер, сұлулық салондары, химиялық тазалау орындары және мейрамханалар жұмысын қайта бастайды. Сауда нысандарына сағат 23.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Сауда үйлері, сауда орталықтары және сауда ойын сауық орталықтары аумағындағы тамақтанатын орындардың ашылуы келесі кезеңге жоспарланып отыр.

*****

Батыс Қазақстан облысында автокөліктің өртенуі жиілеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өткен жылы осы мерзімде 24 автокөлік жалынға шарпылса, биыл оның саны 28-ге жеткен. Ал тұрғын үй секторында жыл басынан бері 117 өрт болды.

*****

Германияда коронавирус жұқтырған науқастар саны азайып келеді. 84 млн халқы бар елде кеше 460 адам вирус жұқтырған. Жалпы аймақта карантин шаралары жеңілдей бастады. Осыған орай мейрамхана, мұражай, театр мен өзге де мекемелер жұмысы жанданды. Әуе қатынасының тек 14 проценті ғана қалыпты жұмысына көшкен. Жалпы пандемия салдарынан Еуропаның көптеген әуе компаниясы қаржы қыспағында қалды. Сарапшылардың пайымдауынша, биыл Германияның 29 кәсіпорны банкротқа ұшырайды.