Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 11:00

Жаңалықтар 11:00

23 05 20 11 00

• Мақтааралда жатақхана мен моншада тұрып жатқан 28 отбасыға жаңа баспана салынады.

• Талдықорған толық карантинге жабыла ма?

• Батыс Қазақстанның бір ауданында карантиндік шектеу шаралары енгізілді.

• Қостанай облысында Армениядан әкелінген көліктерді тіркейтін шұғыл желі құрылды

Мақтаарал ауданында апатты жағдайдағы ескі ғимараттарды паналаған 28 отбасыға қосымша баспана салынады. Бұл туралы Үкімет Басшысы Асқар Мамин апат аймағына келген жұмыс сапарында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тұрмысы төмен отбасылар бұған дейін су басқан Өргебас ауылындағы бос тұрған ғимараттарды паналаған.

*****

Кеше елімізде 322 адам коронавирус індетімен ауырып, ауруханаға түскен. Індеттің таралу деңгейі 4,2 пайыз. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 7919 болса, олардың 4096-сы жазылып шыққан, ал 35 адам көз жұмған.

*****

Талдықорған толықтай карантинге жабылады деген ақпарат жалған. Қала әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы мән-жайды түсіндірді. Тараған қауесетте 25 мамыр күні Талдықорған қаласы 100 пайыз карантинге жабылады делінген. Айта кетейік, соңғы 10 күннің ішінде Талдықорған қаласында коронавирус жұқтырғандардың саны 36 адамға жеткен.

*****

Бүгін БҚО-ның Сырым ауданында карантиндік шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аудан орталығы Жымпиты ауылында екі жерде блокпост қойылды. Азық-түлік тауарларын, дәрілік және медициналық заттарды, тұрғындардың өмір сүруіне қажетті басқа да тауарлар мен қызмет түрлерін, өндірістік, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысын қамтамасыз етуді қоспағанда, Сырым ауданына, ауылдар мен елді мекендерге көліктердің кіруіне және шығуына тыйым салынды. Шұғыл жолға шығушылар КВИ-ге қарсы құрылған аудандық жедел штабтың рұқсатын алуы тиіс. Азық-түлік дүкендері, банк, пошта мекемелері жұмысын жалғастырады.

*****

Қызылордада коронавирус инфекциясына байланысты кейбір шектеу шаралары қайта енгізілуі мүмкін. Бұл жөнінде тиісті сала басшылары жергілікті жұртшылыққа ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов аймақта коронавирус жұқтырғандар саны алдыңғы 2 аптаға қарағанда 43 жағдайға өсіп кеткенін айтты. «Емделіп жатқан науқастардың 14 пайызы - зейнеткерлер. Егде азаматтардың үйден шығып, қайтыс болған туыстарына көңіл айту, кішігірім отбасылық тойларды атап өту секілді түрлі шараларға баруы жиілеген», - деді облыс әкімінің орынбасары. Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 275 адам тіркелген.

*****

Қостанай облысының полициясы Армениядан әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеуге арналған «Шұғыл желі» құрды. Мамандар көлікті қалай уақытша тіркеуге болатынын айтады. Көліктерді тіркеу 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Тіркеу жарнасы 695 теңге болса, куәлік үшін 3473 теңге төлейсіз. Ал мемлекеттік тіркеу нөмірінің бағасы – 7778 теңге. Төлемдердің жалпы сомасы 11 946 теңге болады», - делінген полицияның баспасөз хабарламасында. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 24 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында елімізде уақтылы тіркелмеген, ЕАЭО елдерінен әкелінетін автомобильдерге қатысты проблема туындағанын атап өткен еді. Бұл мәселені шешу үшін Президент Үкіметке Қазақстан азаматтарының ЕАЭО елдерінен 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелген көліктерін тіркетуді тапсырды.