Жаңалықтар 9:00

- Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді.
- Оралда 284 отбасы баспаналы болды.
- Бүгін Ауа райының қолайсыздығына байланысы бірнеше өңірде ескерту жарияланды.
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен селекторлық отырыста белгілі болды. 2019-2025 жылдарға арналған туристік саланы дамыту бағдарламасы аясында 44 туристік жобаға инфрақұрылым жүргізу мақсатына республикалық бюджеттен 51,5 млрд тг қаражат бөлінді. Бұл — аталған саланы қолдаудың рекордтық көрсеткіші деуге болады. Кеңесте Қазақстанда туризм маусымын бастауға толық дайындық жасалғаны хабарланды: туристік нысандардың жұмыс алгоритмі әзірленді, жолаушыларды тасымалдаудың авиа, теміржол және автобус маршруттары іске қосылған.
***
Алматыда санитарлық нормаларды сақтамай, ережені бұзған бизнес нысандарының қызметі қайта тоқтайды. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бизнес нысандарындағы санитарлық талаптардың орындалуын арнайы монторинг тобы қадағалайды. Оның құрамында кәсіпкерлер палатасы, әкімдік, полиция қызметкерлері мен санитарлар бар. Мониторинг тобы 1989 бизнес нысанын тексеріп, 65 кәсіпкерге айыппұл салған. Сөйтіп 39 нысанның қызметін тоқтатты.
***
Қазақ-қырғыз шекарасындағы Қордай бекетінің реконструкциясы биыл аяқталады. Бекет келесі жылдың өзінде тәулігіне 2,5 мың көлік пен 23 мың адамды өткізе алады. Жоба бойынша ұзындығы 137 метрлік 8 жолақты қозғалыс бөлігін, өткізу терминалдарын, бақылау-өткізу пунктін, шекара қызметінің ғимараты мен өткізу бекетінің басқа да нысандарын қайта жаңартылады. «Бұдан бөлек, биыл мамандар тексеруді жылдам жүргізуге арналған жаңа инспекциялық тексеру кешенін салады. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарына қажетті техниканың барлығы жұмылдырылып, құрылыс материалдары жеткізілген. Қайта жаңарту жұмыстарына 127 адам мен 15 техника тартылды» делінген хабарламада.
***
Оралда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында екі 9 қабатты үй пайдалануға берілді. Салтанатты рәсімге қатысқан облыс әкімі Ғали Есқалиев 284 отбасы баспаналы болғандығын жеткізді. «Солтүстік-шығыс» шағынауданында бой көтерген тоғыз қабатты бір үйде 104 пәтер болса, екіншісінде – 180 баспана. Әкімнің сөзіне қарағанда, мемлекет мұндай үйлерді салу үшін жер бөліп, қажетті инфрақұрылымды тартып берді. Бұл үйлердің өзіндік құны әр шаршы метрі 180 мың теңге болса, пәтер иелеріне 140 мың теңгеге түсіп отыр. Яғни 40 мың теңге бюджет есебінен жабылады. Бұл – әсіресе, табысы аз отбасылар үшін үлкен көмек. Сондай-ақ жиырма жылға жеңілдікпен несие берілуі де баспана иелері үшін тиімді.