Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алакөл бойына 3,5 мың адамды қамтитын концерт алаңы салынады

Алакөл бойына 3,5 мың адамды қамтитын концерт алаңы салынады

Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл жағалауында екі ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Инара Бодукованың айтуынша, бірінші жоба аясында төрт жұлдызды қонақүй бой көтермек. Қазіргі уақытта оның құрылыс жұмыстары басталып та кеткен. Туристік объектіде демалушыларға қажетті барлық жағдай жасалады. Сондай-ақ онда бассейн мен барларға арналған ойын алаңы салынады.

«Екінші жоба – ашық аспан астындағы сахна және би алаңы. Осылайша жағалауда 3,5 мың адамды қамтитын концерт алаңы болады. Ол Юрмала қаласының үлгісімен салынбақ. Мұнда ауқымды шаралар өткізіледі деп жоспарлап отырмыз», - дейді Инара Бодукова.

Айта кетейік, аталмыш жобалар аясында инвесторларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген.