Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 12:00

Жаңалықтар 12:00

4 06 20 12 00

БҚО, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында шектеу шаралары күшейтілуі мүмкін. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында аталған өңірлердің әкімдіктеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейту тапсырылды. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз баяндамасында кейбір өңірлерде қарантин шараларын жеңілдету коронавируспен ауырғандар санының көбейуіне себеп болғанын атап өтті. Талаптарды орындамаған бизнес субъектілерінің қызметін анықталған кемшіліктерді жойғанша уақытша тоқтату қажет. Бұл шаралар азаматтарымыздың қауіпсіздігі үшін аса маңызды», — деді Ералы Тоғжанов.

*****

Елімізде бір тәуліктің ішінде үш бала терезеден құлады. Барлық үш жағдайда да үйдің үлкендері көрші бөлмеде болған. Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданында 2017 жылы туған бала 5-ші қабаттың терезесінен құлап, жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Мұндай оқиға Алматы облысының Талғар ауданында да болды. Тараз қаласында 3 жасар бала 4-қабаттың терезесінен құлап, жедел ауруханаға жеткізілді. Бала ашық тұрған терезенің москит торына сүйенген. Еске сала кетейік, мамыр айында республикада 1-6 жас аралығындағы балалардың көппәтерлі тұрғын үйлердің терезесінен құлаған 21 оқиға тіркелді.

*****

Биыл Қарағандыны абаттандыруға 9 млрд. 600 млн. теңге бөлінді. Қарағандыда аулаларды абаттандыру, үйлердің қасбеттері мен шатырларын, кіреберіс жолдар мен орамішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тапсырыстың көп болуы құрылыс материалдарын шығаратын жергілікті компанияларға пайдалы. Бұл жұмыстарға шамамен 2 700 адам тартылады. Олардың жартысын халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырады. Қарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығында әлі де бірқатар бос жұмыс орны бар. Әртүрлі жұмыс істейтіндер, шатыр жабушылар, жиек және кесек тас төсеуші мамандар сұранысқа ие. Осындай жұмыскерлердің ең төменгі жалақысы 80 мың теңге.

*****

Карантин кезінде Қазақстандық кинотеатрлар 4 миллиард теңге табыстан қағылды. Себебі үш айдан бері көрсетілім қойылған жоқ. Бұл осы салада жүрген қызметкерлердің кірісін кемітті. Кинотеатрлар 15-ші маусымнан бастап іске қосылады. Қазір зал иелері нысандарды санитарлық талаптарға сай дайындап жатыр. Сондай-ақ тұсаукер өтуі тиіс фильмдердің тізімі жасалған. Олардың ішінде отандық және шет елдік туындылар бар. Мамандар көрсетілімге әзірленген фильмдердің көбі комедиялық жанрда болатынын айтты.

*****

Биыл отандық туризмның табысы былтырмен салыстырғанда 25 процентке кем болуы мүмкін. Сарапшылар осындай болжам жасады. Еліміздің мәдениет және спорт министрлігі жариялаған ақпаратқа қарағанда былтыр дәл осы туризм саласының таза табысы 300 миллиард теңгеге жеткен.