Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 15:00

Жаңалықтар 15:00

Түркістан облысы, Төлеби ауданының тауларында оқушылардың жоғалуына және олардың бірінің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы өңірлік Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова мәлім етті. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай Кеше Түркістан облысында тауға демалуға шыққан оқушылар жоғалған. «Біркөлік» демалыс аймағында 22 оқушы мен 3 ересек адам тау бөктеріне шығып, 3 оқушы адасып қалған. 16 маусым сағат 00:58-де Шымкент қалалық ТЖД-ның іздестіру тобы жардан құлап кеткен 2003 жылы туған жасөспірімнің денесін тауып, төменге түсірген еді. «Бұл жайт Төлеби аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Болған оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады», - деді Салтанат Қаракөзова. Құтқару қызметінің мәліметінше, тауға шыққан жасөспірімдердің барлығы Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылының 10-сынып оқушылары. Қазіргі уақытта тауға кеткен 2 оқушының жүрген жері анықталды, құтқарушылар олардың біреуін түсіріп үлгерген. Ал, екінші баланы құтқару операциясы әлі де жүргізілуде.

***

«Қазақстан авиациялық индустриясының» инженерлік-техникалық құрамы Беларусь әуе -жөндеу зауытының мамандарымен бірлесіп, Су-27 ұшақтарын күрделі жөндеуден өткізді. Осылайша ұшақтарды Қазақстанның Әскери-Әуе Күштеріне «Қазақстан авиациялық индустриясының» мамандары тапсырып отыр. Жойғыштарды қабылдап, Нұр-Сұлтан қаласындағы аэродромда ұшу сынақтарын өткізуге әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов, әскери әуе күштерінің қолбасшылығы, майдан авиациясының ұшқыштары, сондай-ақ әскери авиация инженерлері қатысты. Әскери ұшқыштар жүргізілген жұмысқа оң баға берді.

***

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі астанада бір түнде жаңбырдың жарты айлық мөлшері жауғаны туралы ақпарат таратты. «Қала көшелерін су баспау үшін әкімдік нөсерлік кәріз құрлысы бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Мысалы, Б.Момышұлы даңғылы қаладағы проблемалы учаскенің бірі. Аталған учаскедегі су басу проблемасы биылғы жазда шешімін табады. Көшеде нөсерлік кәріздің магистральдік коллекторының құрылысы жүргізілуде. Аталған кәріздің ұзындығы шамамен 500 метр . Осылайша аумақта жауын-шашын кезінде су басу мәселесі толығымен шешіледі», - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

***

АҚШ-та өкпені жасанды желдету аппарат шығаратын өндірушілер Ковид-19 індетінің екінші толқынына дайындала бастады. Мамандар құрылғы санын шұғыл арттыру керек деп отыр. Айта кетейік, корнавирус пандемиясы басталғалы әлемнің көптеген елінде өкпені жасанды желдету аппаратының тапшылығы байқалды. Бұл өз кезегінде дәрігерлердің жұмысына қиындық тудырды.

***

Нигерияда «Боко Харам» ұйымы лаңкестік әрекеттерін жиілетіп жүр. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жақында ұйым өкілдері Борно штатындағы 3 елді мекенге баса көктеп кіріп, шабуыл жасаған. 40 адам мерт болды. Арасында әскерилер де бар. Лаңкестер аймақ тұрғындарына тәртіп сақшыларымен байланысып, гуманитарлық көмек қабылдауға тыйым салды. Содырлар оларды тыңдамаса шабуылдарын одан әрі жалғастыратынын айтып отыр деп жазады 24 кз сайты.