Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Волонтерлік – елге ерікті қызмет

Волонтерлік – елге ерікті қызмет

Апта басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «BIZ BIRGEMIZ» онлайн-форумы өтті. Форумда коронавирус пандемиясымен күрес кезінде белсенділігімен көзге түскен, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, қауіпсіздік сақтау саласында жемісті еңбек етіп жүрген азаматтар «Халық Алғысы» медалімен марапатталды.

Мемлекет басшысы «Biz Birgemiz» республикалық акциясына - COVID-19 таралуына қарсы күреске қатысқан еріктілердің қосқан үлесін атап өтті, сондай-ақ, Елбасының және жеке өз атынан ел өміріндегі осы қиын-қыстау кезеңде ерекше көзге түскен еріктілерге ризашылығын білдірді.

Жалпы 2020 жыл елімізде «Волонтер жылы» болып жарияланғаны белгілі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕ АҚ мемлекеттік гранты шеңберінде Волонтер жылы аясында 7 жалпыұлттық жобаны қолға алғанын білеміз. Олай болса, бұл бағытта нендей жұмыстар атқарылып жатыр? Ол нақты қандай жобалар? Қазіргідей карантин жағдайында жұмыс барысы қаншалықты өзгерді? Осы және басқа да сұрақтарға толыққанды жауап алу үшін «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Гүлбану Заманбекова тікелей эфирге шақырған едік.

Толығырақ хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Хабарды жүргізген Алмас Байдрахман.