Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 12:00

Жаңалықтар 12:00
  • Семейде тауға шыққан 35 адам вирус жұқтырған.
  • Үндістанда коронавирусты емдеуге арналған әлемдегі ең ірі аурухана ашылмақ.
  • Еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.


Халық үніне құлақ асатын мемлекет құру - барлық мемлекеттік органдарға ортақ міндет. Бұл туралы бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдында есеп беру кездесуінде айтты. Министр осы саладағы ведомство тарапынан атқарлып жатқан жұмыстарға тоқталды.

***

Шығыс Қазақстан облысында қауіпті дертке шалдыққандар көбеюде. Соңғы аптада бұл көрсеткіштің өсу қарқыны 8% құрады. Әсіресе Семей және Өскемен қалаларында науқастар көп. Өскеменде дертке шалдыққандардың өсу қарқыны аймақтық көрсеткіштен жоғары, яғни 9,9% шамасында. Ал Семейде – 6,3%. Бекітілген талаптарға немқұрайлық танытып, сақтық шараларын сақтамайтындар аз емес. Тіпті отбасылық шараларды өткізіп жатқандар да бар. Мысалы, Семейде тауға шыққан 35 адам вирус жұқтырған. Тағы бір жағдайда туған күнді атап өткен екі отбасының 9 мүшесінен СOVID-19 анықталды. Айта кетейік, эпедемия басталғалы ШҚО 742 адам вирус жұқтырған.

***

Үндістанда коронавирусты емдеуге арналған әлемдегі ең ірі аурухана ашылмақ. 10 мың науқасқа арналған медициналық орталық қазір ішінара жұмыс істеп тұр. Толық қуатына екі күннен кейін көшпек. Соңғы тәулікте Үндістанда COVID-19 індетін жұқтырған 20 000 жуық науқас тіркелді. Ал жалпы саны 520 мыңнан асады, оның ішінде 16 мыңнан астамы қайтыс болған.  

***

Биыл Қостанай облысында 3 мектеп салынып, 30 білім ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ауқымды жобалар негізінен «Ауыл - Ел бесiгi» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары арқылы қаржыландырылады. Облыстық білім басқармасы осы жылы жүзеге асатын құрылыс жобалары мен күрделі және жеңіл жөндеуден өтетін нысандар тізімін жасады. Бұл тізімге жалпы сомасы 9 млрд теңге болатын 35 инфрақұрылымдық жоба еніп отыр. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 2300 уақытша жұмыс орны ашылады.

***

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының тұрақсыз болуына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Кей аумақтарда жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Оның күші секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал. Ал Солтүстік Қазақстанда желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетуі мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.