Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 15:00

Жаңалықтар 15:00
  • Атырауда Сенат депутаттығына 5 кандидат тіркелді.
  • Қазақстанда ажырасулар саны көбейген.


Қандастардан талап етілетін құжаттар тізімі 46-дан 20-ға дейін қысқартылды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты. «Ұлтаралық қатынас саласының үлкен бір бөлігі – шетелдегі қазақтар мен елге оралған қандастар мәселесі. Бұл бағыттағы барлық сұрақтарды шешу үшін қазір «Отандастар» қорымен бірлесе отырып, бірқатар жобаларды қолға алдық. Үкімет тарапынан бекітілген «2018-2022 жылдарға арналған этникалық қазақтарды қолдау жоспары» бар. Оның аясында шетелдегі қазақтардың қатысуымен көптеген мәдени-гуманитарлық ғана емес, бизнес іс-шаралар да өткізіліп отырады», - деді Аида Балаева

***

Сонымен қатар оның сөзінше Қазақстанда жастарды қолдаудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленіп, жастар саясаты саласындағы заңнама жетілдіріледі. « «Жастар жылы» шеңберінде бүкіл ел бойынша 300 ресупбликалық шара өтіп, оған 2 миллионнан астам жас, ал арнайы шараларға 800 мыңға тарта адам тартылды. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға, соның ішінде жас отбасыларға 3 мың жалдамалы пәтер берілді. Жалпы бұл бағытта жастарға барлығы 9 мың пәтер беру жоспарланған», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева. Оның айтуынша, «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 5 мың адам мемлекеттен грант алып, жас кәсіпкер атанған. Сонымен қатар, 10 мың жас кәсіпкер шағын несие беру арқылы өз өндірісін кеңейткен.

***

Атырауда Сенат депутаттығына 5 кандидат тіркелді. Бұл ақпаратты Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы таратты. Олар Лұқпанов Сағындық; Смағұлов Серік , Сейілханов Сағын; Арыстан Серік; Қарабаева Айжан" -деп хабарлады Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.

***

Қазақстанда ажырасу саны артқан. 2017 жылы 55 мың, былтыр 60 мың ажырсау тіркелді. "2019 жылғы қазақстандық отбасылар" ұлттық баяндамаға сәйкес некені бұзудың негізгі себептері: туыстарының араласуы, ерлі-зайыптылар арасындағы сатқындық, ойын ойнау, тұрмыстық зорлық-зомбылық екен. Белгілі болғандай, отбасылық жұптарға психологиялық және заңгерлік көмек көрсету мақсатында былтыр 8 өңірде "Бақытты отбасы" отбасылық соттар жанынан отбасын ресурстық қолдаудың 12 орталығы ашылды. Бұдан басқа, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін азайту мақсатында еліміздің 9 өңірінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және агрессорлармен жұмыс жөніндегі әлеуметтік қызметтер ұйымдастырылды.

***

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Мяньнин уезінде болған нөсер жауын салдарынан 12 адам көз жұмып, 10 адам із-түссіз жоғалды. Нөсер жауын салдарынан Ихай қалашығында су тасқыны болды. Жергілікті биліктің мәліметінше, онда 10 адам қаза тауып, тағы жетеуі жоғалып кеткен. Гаоянда екі адам жан тапсырып, үш адам із-түссіз жоғалған.

***

Ихайя мен Гаоянда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 10 мыңға жуық адам зардап шекті. Табиғат апаты салдарынан жолдар шайылып, үйлер мен егістіктер бүлінді. Адамдарды құтқару және көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғастырылуда.