Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталы іске қосылады

Мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталы іске қосылады

Биыл Мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталы іске қосылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы Ұлттық жоспарды жүзеге асыру (Ақпарат саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған ұлттық жоспары) отандық БАҚ-тың экономикалық дербестігін арттыруға және қоғам тарапынан тұтынушылық сұраныстың өсуіне ықпал етеді», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында.

«Осы тұрғыда мемлекеттік органдардың қызметі туралы халыққа сапалы хабар тарату мақсатында биыл Мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталын іске қосамыз. Бұл қадамды өте маңызды деп білеміз. Әсіресе, ауқымды ақпарат ағыны жағдайында ол азаматтарға сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді», - деді А. Балаева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, көпшілікке ыңғайлы болуы үшін Мемлекеттік бағдарламалардың ортақ порталы іске қосылуда.


Фото дереккөз: mixnews.kz