Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекет басшысы бірнеше әкімге сөгіс жариялады

Мемлекет басшысы бірнеше әкімге сөгіс жариялады

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақовқа және Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Е.Тоғжановқа сөгіс жариялады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлім етті.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевқа, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиевке ескерту жасады.

Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертті. Аталған мәселе барлық облыстың басшыларына да қатысты екенін айтты.

---------------

Президент объявил выговоры ряду чиновников

Глава государства К. Токаев в ходе совещания по мерам противодействия распространению коронавирусной инфекции отметил, что многие руководители неудовлетворительно исполняют возложенные на них обязанности. 

В связи с этим за упущения в работе Президент объявил выговоры акимам г. Шымкента, Актюбинской и Павлодарской областей М. Айтенову, О. Оразалину и А. Скакову, руководителю Межведомственной комиссии Е. Тугжанову. 

Замечания вынесены акимам городов Нур-Султана и Алматы А. Кульгинову и Б.Сагинтаеву, министру цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности А. Жумагалиеву. 

Глава государства предупредил акимов Атырауской, Костанайской, Западно-Казахстанской областей о необходимости выправления ситуации в соответствующих регионах. Как подчеркнул К.Токаев, это касается руководителей всех областей.