Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 9:00

Жаңалықтар 9:00
  • Мемлекет басшысы ПТР зертханаларының саны мен қуатын арттыруды тапсырды.
  • Шілде айынан бастап барлық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындары белгісіз мерзімге тоқтатылады. 

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

*****

Президент қазақстандықтарды үрейге бой алдырмауға шақырды. Бұл туралы ол коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңес кезінде айтты. "Иә, бұл қауіпті ауру, оны емдеу үшін вакцина жоқ. Бірақ бұл жағдайда үрейге, оның үстіне, құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермей , санитарлық режимді бұзбаған жөн.", деді Президент.

*****

Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зертханалық зерттеулердің тиімділігін арттыруды, реагенттерді үздіксіз жеткізуді, ПТР зертханаларының саны мен қуатын арттыруды тапсырды. «Азаматтар зертханалардың маңындағы ұзын-сонар кезекке, кезекте санитарлық нормалардың сақталмауына әділ шағымдарын жасауда. Осының барлығы инфекция жұқтырудың қатеріне алып келеді. Сондықтан індетті жұқтыруды алдын алу мен орталықтандырылған түрде бөлу мен есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында ПТР-тестіні қатаң түрде онлайн тіркеумен немесе Call-орталық арқылы жүргізу керек», - деді Мемлекет басшысы. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев инфекция ошақтарындағы жұмыстарға мобильді зертханаларды ұйымдастыру қажеттігін айтты. Әсіресе, ауылды жерлерде осындай зертханалар қамтылуы тиіс. Бұл тұрғыда Президент мобильді қызметтерді ары қарай дамытуға қаржы бөлуді жүктеді. 

*****

Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 43 медицина қызметкері жұқпалы аурулар стационарында емделіп жатыр. БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюповтың айтуынша, өңірде індет басталғаннан бері 150-ден астам медицина қызметкері коронавирус жұқтырды. Олардың басым көпшілігі жазылып шықты, бірқатары қызметтеріне қайта кірісті. Қазіргі таңда 43 қызметкер тиісті ем алуда, олардың көпшілігі бұрын коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған. Сондай-ақ ауру жедел жәрдем қызметкерлерін де айналып өткен жоқ. Олардың арасынан 11 адам сырқаттанса, соның үшеуі емделіп шықты.

*****

1 шілдеден бастап барлық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындары белгісіз мерзімге тоқтатылды. Мұндай шешім Қазақстанда коронавирус індетінің өршуіне және көптеген ірі халықаралық жарыстардың кейінге шегерілуіне байланысты қабылданған. Сонымен бірге, қазіргі таңда жаттығу жиындарын өткізіп жатқан команданың барлығы тоқтатылып, бұдан кейін жоспарланған жиындар өтпейтін болады. "Жоспарланған жиындарды белгісіз уақытқа кейінге шегеріп, спортшыларды оқушаулағанды дұрыс таптық", - дейді жедел штабтың жетекшісі, спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов. Айта кетейік, 1-29 маусым аралығында 12 спорттық нысанда 26 оқу-жаттығу жиындары өткізілді. Оған 22 ұлттық құрама командалары қатысты.