Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде қатаң карантин шаралары енгізлуі мүмкін

Елімізде қатаң карантин шаралары енгізлуі мүмкін

Үкімет 2 күннің ішінде осы жылдың наурыз-мамыр айындағыдай қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс. Бұл туралы коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңес барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Індетпен күрес, теріс әлеуметтік және экономикалық әсерлерді жою бойынша барлық шешімдерді Премьер-Министрдің жетекшілігіндегі Мемлекеттік комиссия аясында әзірлеуді тапсырамын. Мемлекеттік комиссия сыни ресурстарды бөлуге орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Қазіргі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша шұғыл шаралар қабылдану мақсатында Мемлекеттік комиссияға екі күндік мерзімде осы жылдың наурыз-мамырында қолданыста болған қатаң карантинді енгізу бойынша мәселелерді әзірлеп, менің қарауыма ұсынуды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.