Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 12:00

Жаңалықтар 12:00
  • Шілде айында 8 жылжымалы - жедел зертхана сатып алынбақ.
  • Мұғалімдер IT сауатын арттыру курстарынан өтеді.


Коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зертханалық зерттеулердің тиімділігін арттыруды, реагенттерді үздіксіз жеткізуді, ПТР зертханаларының саны мен қуатын арттыруды тапсырды. «індетті жұқтыруды алдын алу мен орталықтандырылған түрде бөлу мен есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында ПТР-тестіні қатаң түрде онлайн тіркеумен немесе Call-орталық арқылы жүргізу керек», - деді Мемлекет басшысы. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев инфекция ошақтарындағы жұмыстарға мобильді зертханаларды ұйымдастыру қажеттігін айтты. Әсіресе, ауылды жерлерде осындай зертханалар қамтылуы тиіс. Бұл тұрғыда Президент мобильді қызметтерді ары қарай дамытуға қаржы бөлуді жүктеді.

***

Бүгін Коронавирустық инфекцияны тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы баяндаған ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей ЦОЙ министрлікте 7 жылжымалы зертхана жұмыс жасап жатқанын айтты. «Шілде айында тағы 8 жылжымалы - жедел зертхана сатып алынбақ» деді Денсаулық сақтау министрі.

***

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкіметтен әр облыста программалау мектептерін ашып беруді сұрады. «Қосымша білім деңгейі бойынша Оқушылар сарайларында 560-тан астам балалар технопаркі мен робот техникасы кабинеті ашылды. Сабақтан тыс үйірмелерде балалар робот программалауды, 3D-printing оқып үйренуде. Дегенмен бұларды әлі жеткіліксіз деп есептеймін. «Алем», «Квант» секілді алдыңғы қатарлы мектептердің үлгісі бойынша арнайы программалау мектептерін әр облыста ашу бойынша әкімдерге тапсырма беруіңізді сұраймын», - деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Сонымен бірге министр педагогтер де IT сауатын арттыру курстарынан өтетінін мәлім етті. Оның айтуынша, IT пәнінен сабақ беретін ұстаздардың робот техникасы мен программалауды меңгеруі маңызды.

***

Атырау облысында биылғы бес айда 1467 баспана пайдалануға берілді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, қазір Атырау облысында пәтер кезегінде 28 мыңнан астам адам тұр. Биыл олардың 7 мыңға жуығының баспана мәселесі шешіледі. «Осы мақсатта осы жылдың 5 айында қаржыландырудың барлық көздері есебінен үй құрылысына 12,9 млрд теңге инвестиция бағытталды. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде биыл өңірде сатып алу құқығынсыз 157 пәтер жалға беріледі. Мұндай мүмкіндік халықтың аз қамтылған осал топтары мен көп балалы отбасыларына арналған. Ал кредиттік тұрғын үйге биыл 500-ге жуық тұрғын қол жеткізбек.

***

Қазақстан 2020 жылы 29 қарашасында Польшада өтетін халықаралық «Junior Eurovision Song Contest» ән байқауына қатысуға үшінші рет шақырылды. Шешімді Еуропалық хабар тарату одағы ұйымның басқарма комитетінің анонимді сайлауы нәтижесінде жариялады. Еске сала кетсек, 2018 жылы Данелия Тулешова «Өзіңе сен» әнімен сайыста алтыншы орынды иеленді. Өткен жылы «Арманыңнан қалма» әнін орындаған Ержан Максим жүлделі орынға қол жеткізді.