Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 12:00

Жаңалықтар 12:00
  • Нұр-Сұлтан дәріханаларында дәрі-дәрмектің бар-жоғын арнайы топ қадағалайды.
  • Елімізде күніне қауіпті дертті 1,500 адам жұқтырады.


Тұңғыш Президентінің атына Елорда күні мен Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай көптеген хаттар келіп түсуде, деп хабарлайды elbasy.kz. Чехия Республикасының Президенті Милош Земан өзінің жеделхатында Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның дамуы жолындағы сіңірген еңбегін атап өтті. Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Ашраф Ғани өз жеделхатында Елбасының екіжақты қатынастарды дамытуға және мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан ерекше үлесін бағалады. Израиль Мемлекетінің Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяху Елбасын мерейтойымен құттықтап, екі ел арасындағы қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

***

Елімізде күніне қауіпті дертті 1,500 адам жұқтырады. Облыстарда ауруға шалығудың орташа есебі 1 айда 2 пайыздан 8 пайызға өскен. Бұл туралы COVID-19 жұқтырған тұрғындарға медициналық көмекті көрсету мәселесі жайлы баяндаған денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният мәлім етті.

***

Қазақстанда өткен тәулікте 1501 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 1005 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы қатарында. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 44 075. 

 ***

Қалада дәрілік затты тарату адам басына 2-3 қаптамамен шектелген.

Қаланың дәріханаларында пандемияға жағдайында қажетті дәрі-дәрмектердің болуын қадағалайтын мониторингтік топ елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешімімен құрылды. Топты тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің департаменті кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметін қолдау және дамыту қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп құрды. Мамандар қаланың дәріханаларында дәрі-дәрмектің бар-жоғына күнделікті мониторинг жүргізеді. Тізімде «Тамифлю», «Кардиомагнил», «Аспирин», «Тромбо асс», «Сумамед», «Парацетамол», «Нурафен», «Ибупрофен» препараттары бар. 9 шілдеге дейін бірқатар вирусқа қарсы, ыстық түсіретін дәрілер мен антибиотиктер елорда дәріханаларына жеткізілмек. 


Қазақстан Қор Биржасының мәліметі бойынша валюта бағамы:

1 АҚШ ДОЛЛАРЫ: 405 теңге 56 тиын 

ЕУРО: 457 теңге 60 тиын

РЕСЕЙ РУБЛІ: 5 теңге 75 тиын