Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 13:00

Жаңалықтар 13:00

03 07 2020 13 00

Учаскелеік қызметтің жұмысы және консультациялық қызметтер қашықтан көрсетілуі тиіс. Ал диагностикалық қызметтер қатаң түрде дәрігердің көрсетілімі бойынша онлайн жазылу арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы COVID-19 жұқтырған тұрғындарға медициналық көмекті көрсету мәселесі жайлы баяндаған денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният мәлім етті. 

Сондай- ақ ол ПТР тестілеуді тек дәрігерлердің кеңесі бойынша ғана тапсырған жөн екенін жеткізді. «Профилактикалқ мақсатта тест тапсырудың қажеті жоқ»- деді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният. 

*****

Халыққа қызмет көрсету орталықтары карантин кезінде жұмысын жалғастырады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметінен мәлім етті. «Бүгінде облыс орталықтарының, республикалық маңызы бар қалалардың және кейбір аудан ХҚО-ларында қызметтерді тек алдын ала брон жасау арқылы ғана алуға болады. Мұны egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы жасауға болады.

*****

31 шілдеде Құрбан айт басталады. Бұл туралы наиб мүфти Ершат Оңғаров айтты. "Құрбан айт мейрамы кезіне дейін карантин созылса, мешіттерде намаз оқылмайды. Осыған дейін карантиндік талаптарға сәйкес, Ораза айт намазы оқылмаған. Құрбан айт мейрамы құрбандық шалумен ерекшеленеді. Құрбандық малын шалуды қашықтан да орындаса болады. Тапсырыс беру арқылы жасауға болады. Оған барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Әрине, жергілікті әкімдіктің де реттеу жұмыстары болады", - деді Наиб имам.

*****

Берер сәттен соң 6-7 сыныптарға арналған «Домбыр» пәнін оқытуға арналған оқулықтың тұсау кесер рәсімі басталады. Айта кету керек, былтыр ұлттық домбыра күнін атап өтуге арналған салтанатты жиында мемлекет басшысы мектептерге домбыра үйрену сабағын енгізу бастамасын құптайтынын айтқан болатын. Бұл осы тапсырма негізінде арнайы әзірленген оқулық. Ол 200 беттентұрады, оның авторы белгілі өнертанушы, күйші Жанғли Жүзбаев. Автор бүгін танысытырылыатн оқулық туралы былай деді.