Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 16:00

Жаңалықтар 16:00

Елбасының атына Елорда күні мен Қазақстанның Тұңғыш Президентінің 80 жылдық мерейтойына орай келіп жатқан жеделхаттар мен хаттар легі жалғасуда. Хорватия, Индонезия, Сингапур елдерінің Президенттері жеделхаттарында Елбасына және күллі Қазақстан халқына мықты денсаулық пен бақ-береке тіледі. Сондай-ақ барлық мақсаттарға жетуіне және өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдіріп, жылы лебіздерін жолдады. Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ Қазақстанның Тұңғыш Президентіне екі ел арасында ынтымақтастық орнатуға және дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның берік негізін қалағанын атап өтті. Сондай-ақ Канаданың генерал-губернаторы Джули Пайетт пен Сингапурдың Премьер-Министрі Ли Сиань Лун да құттықтау хаттарында толағай табыс пен жаңа белестер тіледі.

*****

Алматыда 5 шілдеден бастап 20 шілдеге дейін қатаң шектеу шаралары енгізілді. Қала тұрғындарына эпидемиологиялық тәртіпті қатаң сақтау қажет. 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеулер енгізіледі; адамдарды шақырумен және шоғырландырумен байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Жұмыс және қоғамдық орындарда қоғамдық көлікте маска тағу режімін және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.   Қалааралық автобус тасымалдары тоқтатылады. Сенбі және жексенбі күндері қала маңындағы және қалалық қоғамдық көліктер, соның ішінде Метрополитен жұмыс істемейді. 

*****

Smart Astana мобильді қосымшасында «Дәрілерді іздеу» сервисі іске қосылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова Telegram парақшасында жазды. «Дәрілік препараттарды іздеуді жеңілдету үшін Smart Astana мобильді қосымшасында «Дәрілерді іздеу» сервисі іске қосылды. «Медицина» бөлімінде «Дәрілер i-teka» белгішесін басып, әрі қарай өзіңізге керек дәрінің атауын жазуыңыз керек. Жүйе сол іздеген дәріңіз сатылатын дәріханалардың тізімін көрсетеді», - деді ол.

*****

Ел аумағында 5 шілдеден бастап карантин шараларының күшейтілуіне байланысты бірқатар жолаушылар пойызының жүру кестесі өзгерді. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай «Нұр-Сұлтан-Атырау»; « Нұр-Сұлтан-Орал»; «Нұр-Сұлтан-Алматы» пойыздарының қатынауы уақытша тоқтады. 5 шілдеден бастап әлеуметтік маңызы бар бірқатар бағыттарға өзгеріс енгізіледі. Ол «Алматы – Сарыағаш», «Алматы-Нұр-Сұлтан», «Алматы-Павлодар», «Нұр-Сұлтан-Өскемен», «Нұр-Сұлтан-Достық» жолаушылар поездары. Айта кетейік, Бүгінгі таңда жалпы алғанда 93 пойыз рейстерді орындауда.

*****

Халыққа қызмет көрсету орталықтары карантин кезінде жұмысын жалғастырады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметінен мәлім етті. «Бүгінде облыс орталықтарының, республикалық маңызы бар қалалардың және кейбір аудан ХҚО-ларында қызметтерді тек алдын ала брон жасау арқылы ғана алуға болады. Мұны egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы жасауға болады. 

*****

Ұлттық домбыра күні қарсаңында «Saz & Soul» ансамблі Сүгірдің термесін жаңаша өңдей отырып, көрерменге ұсынды. Домбыра күні осы асыл қазынамыздың мәртебесін асқақтатып, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті арттыра түсті. «Қазақконцерт» концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлы атап өткендей, рухани жаңғыру жолында домбыра үні арқылы музыкалық дүниелерімізді жаңа форматта насихаттау өте өзекті.