Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 15:00

Жаңалықтар 15:00
  • Аймақтарға ыстық түсіретін және антибактериалды препараттардың бір айлық қоры жөнелтілді.
  • Жаңа оқу жылында бастауыш сыныптар үшін кезекші сыныптар ашылуы мүмкін.
  • Аптап ыстыққа байланысты республикада дала өрті тыйылар емес.


Елдегі дәрі-дәрмек қорын қамтамасыз ету үшін Үндістан мен Ресейге ұшақ жіберіледі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, отандық өндірісті қоса алғанда осы күнге дейін 2 млрд теңгеге 3,5 миллион қаптама дәрі-дәрмек жеткізілді. Аймақтарға ыстық түсіретін және антибактериалды препараттардың бір айлық қоры жөнелтілді. Дәрілер тең дәрежеде бөлініп, облыстарға жіберілді. Осы жылдың 15 және 17 шілдесінде Үндістанға екі ұшақ, Ресейге тағы бір ұшақ жіберу көзделіп отыр. Осылайша, дәрі-дәрмек қоры күн сайын бақылауда болады», - деді Алексей Цой.

***

Түрік инвесторлары Қазақстанда өкпені жасанды желдету аппараттарының өндірісін жолға қоюы мүмкін. Мемлекетаралық келіссөздер шеңберінде Қазақстанның Түрік Республикасындағы елшілігінің белсенді қатысуымен Biosys компаниясынан ӨЖЖ аппаратының өндірісін игеру мүмкіндігі қарастырылуда. COVID-19 бойынша аурудың өсуі аясында денсаулық сақтау органдары қосымша 3-4 мың осындай апарат сатып алуды жоспарлап отыр. Қазір апараттың алғашқы нұсқасы Нұр-Сұлтан қаласының қалалық жұқпалы аурулар орталығына сынақ жүргізу үшін ұсынылған. Зерттеу нәтижелері бойынша өндірісті дамыту туралы шешім қабылданбақ.

***

Еліміздегі эпидемиялық ахуалға байлансты шалғайда орналасқан шағын жинақты ауылдық мектептерді қоспағанда, республиканың барлық мектептерінде 1-11-сыныптар үшін оқу жылының алғашқы тоқсанында сабақ қашықтан оқытылады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің мәліметінше, бастауыш сыныптар үшін ата-аналардың өтініші бойынша қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылуы мүмкін. Бұл жағдайда балалар тек қана бір кабинетте оқиды, қоңырау әртүрлі уақытта болады, - деді министр.

***

Сонымен қатар, қазір І, ІІ тоқсанның оқу материалдары интернет платформаға енгізілді. Енді осы сабақтар ерекше қажеттілігі бар оқушыларға қолжетімді болуы үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Қосымша сурдо-аудармамен қамтамасыз ету, шрифт көлемін ұлғайту мәселесі ескерілді. Видео-сабақтарды түсіру, цифрлық білім беру ресурстарын дайындау жұмыстары жалғасуда», - дейді Асхат Аймағамбетов.

***

Аптап ыстыққа байланысты республикада өрт қаупі жоғары болып тұр. Өткен тәулікте еліміз бойынша 29 орман және дала өрті тіркелді, деп хабарлайды ТЖ комитеті. Алматы облысы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облысытарының жекелеген аудандарында жанған құрғақ шөп сөндірілді. Аталған аймақтардағы дала өртінің жалпы ауданы 4500 гектардан асады. Сондай-ақ 12 шілдеде республика бойынша 28 орман және дала өрті тіркелген. Өртенген аумақтың жалпы ауданы 18 мың гектардан асады. Бұл орайда ТЖ комитеті азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.