Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Нұр-Сұлтанға 16 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді

Нұр-Сұлтанға 16 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді

Нұр-Сұлтанға тағы бір жүк ұшағымен коронавирус, пневмония және басқа да ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмек жеткізілді. Бұл тауарлар гуманитарлық көмек емес, оларды дәріхана желілерінің дистрибьюторлары сатып алған.

Үкімет пен Нұр-Сұлтан әкімдігі логистика, дәрі-дәрмектерді сатып алу мен импорттауды жеңілдетуде қолдау көрсетуде.

Сонымен қатар, елорда әкімдігі дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін дистрибьюторларға айналым қаражатын бөледі. Осылайша, жүк ұшағымен екінші жеткiзілімде елордаға қосымша 16 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді. Бұл – 600 мыңнан астам дәрі-дәрмек қаптамасы. Келіп түскен тауарлардың тізіміне 400-ге жуық дәрі-дәрмек түрі бар. Мысалы, ксарелто, парацетамол, офлоксацин, ибупрофен, цефтриаксон, клексан, азитромицин, дексаметазон, метилпреднизолон, нимесулид, кардиомагнил, левофлоксацин, метронидазол, гепарин, нимесулид, ибуфен және т.б.

Еске салсақ, 12 шілдеде елордаға 600 мыңнан астам дәрі-дәрмек қаптамасы жеткізілді. Қазір Феникс, Гиппократ, Цветная, Максима Фарм, Частная, Медилаб, Салауат, А-Фарма және т.б. ірі дәріхана желілерін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

Елорда дәріханаларына дәрі-дәрмектерді жеткізу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады.


Дереккөз: astana.gov.kz