Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 12:00

Жаңалықтар 12:00

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады ! Соңғы айларда біздің өміріміз күрт өзгерді. Біз де өзгердік. Бүгінге дейін, көп мән берілмеген құндылықтар: денсаулық, жақындарымыздың амандығы, қарапайым қарым-қатынас ең басты әрі қымбат құндылықтар екенін өмір бізге тағы бір рет дәлелдеді", - деп жазды ол. «Эпидемиологиялық ахуалды қадағалау үшін енгізілген ережелер – қонаққа бару, адамдармен араластығымызды азайту, мерекелік және дәстүрлі шараларды атқару бағытында белгіленген жаңа ережелер талабын орындау қазір аса маңызды. Бірақ замана талаптары өзгерсе де – ізгілік, махаббат пен адамгершілік қымбат құндылықтарымыз болып қала береді. Құрбан айт қабыл болсын!» - деді министр.

***

Алматыда Құрбан айт күндері құрбандыққа шалынған етті мұқтаж жандарға жеткізіп беру ұйымдастырылады. Бұл туралы Алматы қаласы Бостандық ауданының «Байкен» мешітінің Бас имамы Данияр Жұмабаев айтты. Карантиндік шектеу шараларына байланысты мешіттер жанында құрбандық шалынбайды және оның еті таратылмайды. Құрбандық шалуға өтініш беру және мұқтаж, аз қамтылған қала тұрғындарының ет алуға қалдырған өтініштерін алу Qurban2020.kz сайты арқылы 30 шілдеге дейін жүргізілді. 2 және 3 тамыз күндері құрбандыққа шалынған ет таратылады. Қосымша ақпаратты 8(700)719 76 22 нөміріне хабарласып алуға болады.

***

Атырау облысына биыл шет мемлекеттерден 47 мүшесі бар 35 отбасы қоныс аударды. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла мәлім етті. Оның сөзінше, мұнайлы өңірге қоныс аударған этникалық қазақтардың басым көпшілігі Өзбекстан Республикасынан келген. Бұл елден атажұртқа жеткен 25 отбасында 35 адам бар. Ал, Қытай Халық Республикасынан - 8 отбасымен 10 адам, Украина Республикасынан - 2 отбасымен 2 адам келген. «Елге келген қандастардың оралман мәртебесін беру туралы өтініші халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы түсті. Құжаттары қаралып, оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылданды. Қазір олардың бәрі облыстағы қала мен аудандарға орналасқан», - деді Серік Қамидолла.

***

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, 13 шілде мен 9 тамыз аралығында кәсіби емес орындаушыларға арналған "Абай әндері" онлайн-байқауын жариялаған еді. Байқауға қатысу үшін Ұлы ақынның өзіңіз сүйіп тыңдайтын шығармасын орындап, оны бейнеге жазып жіберу қажет. 30 шілдеден бастап онлайн-байқау қатысушысына театрдың ресми Abay Theatre YouTube арнасында дауыс беруге болады. Байқауға 6 жастан бастап 72 жас аралығындағы еліміздің барлық орындаушылары қатыса алады.

***

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова 15 тамыз күні Сочи қаласында IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атану үшін жекпе-жекке шығады. Оның қарсыласы - танзаниялық спортшы Хэппи Дауди болмақ. Бұл жөнінде Сочи қаласы бокс федерациясының президенті Илья Варов мәлімдеді. Жекпе-жек екі минуттан тұратын 10 раундқа созылады. Салмақ дәрежесі - 63,5 келі.