Нұр-Сұлтан - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 1341,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Балалар маска тағып жүруге міндетті емес

Балалар маска тағып жүруге міндетті емес

Қазақстанда балалардың маска тағып жүруін міндеттейтін талаптарға өзгерістер енгізілді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырудың және өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ 78/2020 бұйрыққа өзгерістер енгізді.

Бұйырықта көрсетілген өзгеріс төмендегі екі тармақ бойынша:

7) бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық орындарда, халыққа баруға, қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте, сонымен қатар әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде медициналық немесе матадан жасалған маска кию міндетті;

9) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бес жасқа дейінгі балалар мен жеке, топтық спорт түрлерімен бес адамнан аспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, ашық жерлерде медициналық немесе шүберек маскаларын кию міндетті болып саналады», - делінген өзгеріс енгізілген құжатта.