Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 10:00

Жаңалықтар 10:00

Қазақстанда өткен тәулікте 1289 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 581 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 90 367 ге жетті. Ал өткен бір күнде 1308 науқас инфекциядан емделіп шықты. Осылайща, елімізде жалпы 60825 адам сауығып, үйлеріне қайтарылды.

***

Елордада криминалдық полиция қызметкерлері Telegram мессенджері арқылы дәрі-дәрмек сататын алыпсатарларды анықтады. 41 жастағы әйелден «Клексан 4000» препараты, «Ксарелто Ривароксабан», «Гепарин» және «Фраксипарин» тәркіленген. Препараттың жалпы сомасы 150 мың теңгеден асқан. Сондай-ақ, ұсталған 24 жастағы жігіттен 160 мың теңгенің дәрі-дәрмектері тәркіленді. Күні бойы болған рейд кезінде полиция қаладағы 8 дәріханада дәрі-дәрмектерді қымбаттатылған бағамен сату ережелерін бұзушыларды тіркеді. Рейдтер басталғалғалы бері тәртіп сақшылары 100-ден астам құқық бұзушылықты анықтады. Олар бойынша 117 адам ұсталды, оның ішінде 68-ден астам дәріханашы болған, 430 дәріхана тексерілді. Тәркіленген медициналық бұйымдардың жалпы сомасы шамамен 20 миллион теңгеден асады.

***

Шымкентте карантин кезінде жұмысын тоқтатпаған ойынхана анықталды. Жедел профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде ойынхана ішінде 11 адамның болғаны анықталып, ойынхана иесіне заңды шара қолдану үшін іс-құжаттар Еңбекші ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына және ойынхананың заңдылығын тексеру үшін Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді. Сонымен қатар, «Алаш» базарының аумағында орналасқан атауы жоқ ойынхана карантин режиміне қарамастан жұмыс жасап тұрғаны белгілі болды. Аталған жайт бойынша ойынхана әкімшісінен түсініктеме алынды. Онда жеке кәсіпкер ғимарат ішінде қызметшілер мен күзетші болғанын көрсеткен. Дегенмен, жинақталған дәлелдемелерді басшылыққа ала отырып, тиісті шара қолдану үшін іс-құжаттар Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

***

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20- тамызға дейін ұзартылды. Тиісті шешімді елімізде карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі қабылдады. Бүгінде 350 мыңға жуық өтініш түсті. Олардың басым көпшілігі «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданды. Медициналық анықтамаларды алу кезіндегі қиындықтарға байланысты білім беру ұйымдарына құжаттар тапсыру кезінде оларды ұсынбауға уақытша рұқсат етіледі. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының жазбаша өтініші бойынша, білім беру ұйымында жағдай болса, бірінші тоқсанда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуі ұйымдастырылады.  

***

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) қоғам алдындағы негізгі 4 қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. Осы орайда басқарма көмекке мұқтаж жандарды қолдау, қауіпті індеттің алдын алу мақсатында WWW.QURBAN2020.KZ сайтын іске қосқан болатын.

***

31 шілде сағат 15:00-дегі мәлімет бойынша республика деңгейінде 3225 адам құрбандық шалуға тапсырыс берді. Бұдан бөлек 1000-нан астам адам қосымша құрбандық малын әкеліп тапсырды. Яғни Құрбан айттың бірінші күнінде еліміз бойынша 4 700 мал шалынды. Бұған қоса 22 кәсіпорын мен мекеме құрбандық малын тапсырды. Еліміз бойынша 17 997 отбасыға құрбандық еті таратылды.