Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 12:00

Жаңалықтар 12:00

Қазақстанда балаларға маска тақпауға рұқсат берілді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтардың көшеде маска тағып жүруін міндеттейтін бұйрыққа өзгеріс енгізді. Ол бойынша бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық орындарда, қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте, сонымен қатар әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде медициналық немесе матадан жасалған маска кию міндетті. Сонымен қатар, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бес жасқа дейінгі балалар мен жеке, топтық спорт түрлерімен бес адамнан аспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, азаматтардың барлығы үшін ашық жерлерде маска кию міндетті болып саналады.

***

Елордада коронавирус науқастарын емдейтін тағы бір стационар жабылды. «Рамада Плаза» ғимаратында орналасқан жұқпалы аурулар стационарында коронавирус инфекциясы және пневмониямен ауырған соңғы 20 науқас үйлеріне шығарылды. 1 шілдеден бастап осы ауруханада COVID-19 ауруы бар 1 мыңға жуық науқас емделген. Қабылданған карантин шаралары мен қала емханаларында амбулаториялық емдеуді күшейту нәтижесінде Нұр-Сұлтанда пневмониямен ауыратындар саны 5 есе азайды. жедел жәрдем станциясына қоңыраулар саны күніне 3 мыңнан бір мыңға дейін, төсек-орын қорының жүктемесі 99%-дан 30%-ға төмендеді.

***

Елімізде бірқатар пойыздың жүру кестесі өзгеріп, кейбірі уақытша тоқтатылды. Қолайсыз эпидемиологиялық жағдайдың жалғасуына және енгізілген карантинге, сондай-ақ пойыздардағы жолаушылар ағыны мен толу деңгейінің төмендеуіне байланысты «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы пойыз қозғалысының кестесіне өзгерістер енгізді. 9 тамыздан бастап Нұр-Сұлтаннан және 10 -тамызда Достықтан жөнелтілетін №258/257 «Нұр-Сұлтан-1-Достық» пойызы; 12- тамыздан Алматыдан, ал келесі күні Шымкенттен шығатын №25/26 «Алматы-2 – Шымкент» пойызы; 11 - тамыздан бастап Нұр-Сұлтан - Нұрлы жолдан және келесі күні Алматыдан жөнелтілетін №4/3 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Алматы-2» пойызының қозғлысы уақытша тоқтайды. Бұл ретте осы рейстер бойынша, яғни Елордадан 4, 6, 8 және 10 - тамыз күндері, Алматы-2 ден 5, 7, 9 және 11- тамыз күндері пойыз жолға шықпайды. Сонымен қатар, кейбір жолаушы пойыздарының жүру жиілігі уақытша қысқартылады. Пойыздарға билет алған жолаушылар жол жүру құжатын қайтарып, оның құнын толық көлемде ала алады немесе басқа пойыздарға билет сатып алуына болады.

***

Құрбан Айттың алғашқы күні Қарағанды облысында 1500-ге жуық мал құрбандыққа шалынды. ойылған мал еті 3 мыңнан астам мұқтаж отбасыларға таратылды, сонымен қатар 4 млн. 211 мың теңге сомасына азық-түлік қоржындары табысталды. аймақтағы барлық қала мен аудандарда 18 мал сою орны анықталып, етті тарататын 79 көлік дайындалды. Құрбандыққа шалынған малдың етін 93 қасапшы бөліп, өңдейді. Ал 200-ден астам ерікті мал етін таратумен айналысты. Бұл жұмыстардың барлығын тексеру мақсатында полиция, ветеринария қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер секілді мамандар бекітілді.