Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 14:00

Жаңалықтар 14:00

Қазақстанда 5 жасқа дейінгі балалардың маска тақпай жүруіне рұқсат берілді. Бұл шешім АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, Франция, Польша, Германия, Испания және Сингапур сияқты елдердің тәжірибесіне сүйене отырып қабылданған. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі маскаларды міндетті түрде киюге қатысты қабылданған нормаларға өзгеріс енгізіп, 5 жастан асқан балалар маска кию керек деп шешті. Сондай-ақ, жеке үй ауласында бетперде тақпауға болады. Көпқабатты тұрғын үйдің ауласында жүрген азаматтар маска тағуға міндетті. Сонымен қатар, азаматтар қоғамдық көлікте, яғни, автобус, пойыз, ұшақ, кеме немесе таксиде бетперде кию тиіс. Ал жеке көліктегі бір отбасы мүшелеріне маска тағу міндеттелмейді. Бірақ маска тағу ауру қаупін 30% төмендететінін көрсететін ғылыми негіздемені ескере отырып, оны тағуға кеңес беріліп отыр.

***

Елімізде арнайы жүргізілген рейдтердің барысында 650 дәріхананың препараттарды жоғары бағамен сату фактілері тіркелді. Алматы қаласында коронавирустық инфекциядан емдеуде қолданылатын 60 мың дана жасанды дәрі-дәрмек дайындау цехы анықталды. Осы факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктілер қамауға алынды. Сонымен қатар елордалық дәріханалардың бірі цефтриаксон, азитромицин, парацетамол сиқят дәрілерді ешқандай сертификатсыз және фискалды чектерсіз қосалқы үй-жайынан жоғары бағамен сатқаны белгілі болды. Аталған дәріханадан жалпы сомасы 1,7 млн. теңгеге 2811 қаптамадағы дәрі-дәрмек алынды. Батыс Қазақстан облысында Ресей Федерациясымен шекарада тиісті құжаттарсыз 8500 ден астам дәрілік препарат, сондай-ақ 10 млн.теңгеден астам сомаға 2 мың медициналық бұйымды заңсыз әкелудің жолы кесілді. Сот кінәлі тұлғаға айыппұл салып, дәрі-дәрмек мемлекет пайдасына тәркіленді. Жалпы тексеру шараларының қорытындысы бойынша 694 адам әкімшілік жауапқа тартылды, заңсыз айналымнан жалпы 770 млн. теңгенің 400 мыңнан астам дәрі-дәрмектері мен медициналық мақсаттағы бұйымдары алынды. 

***

Әлем бойынша коронавирус инфекциясына шалдыққандардың жалпы саны 17 миллионнан асты. Қауіпті вирустан 668 мың адам көз жұмған. Covid-19 пандемиясы басталғалы ауру жұқтырғандардың басым көпшілігі Солтүстік және Оңтүстік Америкада және Еуропада тіркелген. Әлемде ауру жұқтырғандар саны бойынша үшінші орында Оңтүстік-Шығыс Азия тұр. Жалпы жекелеген елдер бойынша Covid-19 жұқтырғандар саны жөнінен АҚШ көш басында. Екінші орында Бразилия, үшінші орында Үндістан тұр. 

***

Түркістан облысы бойынша инфекциялы қауіпті аумақта жұмыс істеген 5 мыңнан астам медицина қызметкерлеріне жалақыдан бөлек үстемақы төленген. Қосымша ақыны 2-ші және 3-ші тәуекел тобының қызметкерлері алды. Елімізде инфекциялы қауіпті аумаққа жұмысқа тартылған медицина қызметкерлері санының ай сайын өсуі байқалады. Егер наурыз айында 19 мыңнан астам қызметкер үстемақы алған болса, маусым айында олардың саны 53 мың адамға дейін артқан. Қазіргі таңда аурухана мен емхана қызметкерлерін қолдау үшін Қор алғы төлем сомасын 50%-ға дейін арттырды. Ал ауылдық ауруханалар желісіндегі қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін жоспарлы медициналық қызметтер көлемі төмендесе де базалық қаржыландыру жүргізілді. Сондай-ақ, пандемия кезеңінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдардың шарттық міндеттемелеріне мониторинг жүргізуге мораторий жариялады.

***

Атырау қаласының полицейлері Құрбан айт кезінде карантин шараларының сақталуын қадағалауда. Құрбандыққа шалынатын малды қалаға кіргізбес үшін Атыраудан Астрахань, Орал, Доссор, Индер бағытына қатынайтын жол бойындағы Қараөзек, Береке, Ақжар ауылдары мен телемұнара тұсында мобильді бекеттер қойылды. Сондай-ақ, мұндай мобильді пост Батыс Қазақстан облысымен шекарадағы Аққала елді мекенінің тұсында да бар. Азаматтар облыс аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын, жұқтыру фактілерін азайтуға бағытталған шектеулерді, Құрбан айт мерекесі күндері іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы қаулы талаптарын орындауы тиіс.