Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 12:00

Жаңалықтар 12:00
  • Алматыда автобусқа маскасыз кірген жолаушыны онлайн камералар бақылайды.
  • Қостанайда қоғамдық көліктердің жүру кестесі өзгерді.
  • Түркістан облысында провизорлық және инфекциялық орындар саны екі есеге азайды. 


Карантин кезінде табысын жоғалтқан 2,2 млн-нан астам адам біржолғы төлем алды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, шілдеде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 480 мың бірегей өтініш қабылданды. 42 500 теңге көлеміндегі көмек 2 млн 227,1 мың қазақстандыққа түсті, оның ішінде 2 млн 138,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты ең төменгі жалақының 50 пайызын, яғни 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

***

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді. Арнаулы борт Алматыға 200 оттегі концентратын жеткізді. Медициналық құрылғы «СҚ-Фармацияға» жөнелтіліп, ары қарай еліміздің медициналық ұйымдарына таратылатын болады. ДСҰ Қазақстандағы өкілдігінің хабарлауынша, Ұйым Қазақстанға пандемиямен күресу ісін қолдау мақсатында медициналық жеткізілімдерді жүзеге асыруды және техникалық сараптамаға қолдау көрсетуді жалғастырады.

***

Алматыда қоғамдық көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің сақталуын бақылау үшін жаңа пилоттық жоба іске қосылды. Әзірге бұл бір бағыттағы автобуста ғана. Осылайша, қоғамдық көлікке бетпердесіз кірген жолаушыларды енді онлайн камералар бақылайтын болады. Ақылды камералар бетпердесіз жолаушыларды ғана емес, арақашықтықтың сақталуын да қадағалайды. Ақпарат бірден диспетчерлік орталыққа түсіп отырады. Сөйтіп, олар көліктің жүргізушісіне құқық бұзған жолаушы туралы хабар береді. Ал автобус жүргізушісі мұндай жолаушыларды түсіріп кетуге құқылы. 

***

Қостанай қаласында автобус маршруттарының қозғалыс кестесі өзгереді. Бұл туралы қала әкімі Қайрат Ахметов коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі Өңірлік жедел штабтың отырысында мәлім етті. 10 тамыздан бастап Қостанайдағы маршруттық автобустардың қозғалысы сағат 06.00-ден 21.00-ге дейін жүзеге асырылады. Бұдан бөлек өңірде азық-түлік емес дүкендердің жұмысы жандануы мүмкін. Себебі, қала әкіміне кәсіпкерлерден ұжымдық өтініш түскен. Дегенмен, негізі шешім аймақтағы эпид ахуалға байланысты қабылданады.

***

Түркістан облысында індетке қарсы күрес жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Өңірде инфекциялық төсек орындар саны екі есеге азайды. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, 1941 провизорлық төсек орынның 931-і қысқарған. Осылайша, науқастардың 81,2 пайызы жазылып шыққан. Бүгінде аймақтағы аудан-қалаларда 1010 төсек орын қалып отыр.

***

Алматы облысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 761 тұлға жауапкершілікке тартылды. Экологиялық жағдайды жақсарту және табиғатқа деген қамқорлықты халыққа жеткізу мақсатында 24 шілдеден бастап өңір аумағында рейдтік іс-шаралар өткізілуде. «Таза Қазақстан» шарасы басталғаннан бері 761 құқық бұзушыдан әкімшілік жауап алынды. Оның ішінде, белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін - 268 адам анықталды. Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін - 258 адам, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдікі ішкені үшін – 130 тұлға; - қоршаған ортаны ластағаны үшін 68 тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды; Сонымен қатар, аң және балық аулау ережелерін бұзғаны үшін 24 құқық бұзушы анықталды.