Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 9:00

Жаңалықтар 9:00

13 08 20 9 00

Солтүстік Қазақстан облысында велосипед ұрыларымен күресу мақсатында деректер базасы құрылып жатыр. Бүгінде оған 1136 велосипед туралы мәлімет енгізілген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Оған кез келген адам өзінің екі дөңгелекті көлігін тіркей алады. Велосипед ұрланған жағдайда оны базадағы сериялық нөмір мен ерекше белгілері арқылы танып алуға болады. Жыл басынан Петропавлда 78 велосипед ұрлығы тіркелді, оның 40-ы ашылған.

*****

Елімізде алтын-валюта резервтері бір айда 2,4 млрд долларға артты, деп хабарлайды Ұлттық банк. Алдын ала деректер бойынша ол шілденің соңында 35,3 млрд долларға жетті. Бұл 2012 жылдан бері алғаш рет 35 млрд доллар белгісінен асып түскен алтын-валюта активтері өсуінің негізгі драйвері болды»,– делінген хабарламада.

*****

Алматыда троллейбустар қолданыстан шығарылмайды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты. «Троллейбустардан бас тарту күн тәртібіне қойылған жоқ және қойылмайды да. Биыл пандемия салдарынан шығындар қысқартылды. Жыл соңына дейін 16 көшедегі байланыс желісі жаңарады. Негізі 172 шақырым желіні ауыстыру керек. Троллейбус инфрақұрылымын толықтай модернизациялауды 2021 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Алматы әкімі.

*****

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы және мемлекеттік БАҚ порталы деп аталатын екі жаңа сайтты іске қосты, деп хабарлайды министрліктің telegram парақшасы. Мұнда мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы мен кезеңдері, оларға жауапты және бақылайтын органдар туралы барлық ақпарат болады. Мемлекеттік БАҚ порталы күн сайын Қазақстанның барлық өңірінен ресми ақпараттарды, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың жаңалықтарын жариялайды.

*****

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев алматылық тұрғындарды қаладағы экологиялық жағдайды бірлесе талқылау және әрекет ету шараларын әзірлеу үшін онлайн-кездесуге қатысуға шақырды. Бүгін сағат 11:00-де Алматыда пікірталас өткізуді жоспарлап отырмыз», – деп жазды М.Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында. Тікелей эфир Экология министрлігінің facebook-тегі парақшасында болады.

*****

Еліміздің кейбір облыстарында бас санитарлық дәрігерлердің шешімімен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты ұзартылды. Бұл өзгеріс Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарына қатысты.

*****

Карантиндік шаралардың ұзартылуына байланысты 3-16 тамыз аралығында 7887 азаматқа мүгедектік мерзімі автоматты түрде үш айға ұзартылды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. «Бұған дейін карантин шараларына байланысты 31 963 қазақстандықтың мүгедектік мерзімі үш айға ұзартылған болатын. Сонымен қатар, 16 наурыздан 7 тамызға дейін 13 509 қазақстандық мүгедектікті «eGov.kz» порталы арқылы онлайн-режимде сырттай рәсімдеп, мерзімін созды.