Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Қазақ Радиолары» ЖШС «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымын ғасырлық мерейтойымен құттықтайды

«Қазақ Радиолары» ЖШС «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымын ғасырлық мерейтойымен құттықтайды


Ақпарат айдынының алыбы, абызы атанған «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымын бір ғасырлық мерейтойымен құттықтаймыз.

Елдің соңғы 100 жылдық өміріне куә ұжым бүгінге дейін талай сын мен даму жолынан өтті. Әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани өркендеу мен мемлекет саясатын дәріптеу бағытында мықты алаңға айналды. Елімізге ғана емес, әлем халқына бес тілде хабар тарататын Қазақстандағы басты ақпараттық агенттік қоғамды топтастырып, ұлтты ұйыстыруға зор үлес қосып келеді.

Жаңалықты өңдеу, жинау мен таратуда жеделдік танытып, оқырманына толыққанды мәлімет беретін ұйым республика ғана емес халықаралық деңгейде жетекші ақпарат көзіне айналды.

Қалыптасу кезеңінен бастап мемлекетшілдік, елдік, ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытын ұстанған ұжым сол дәстүрінен жаңылған емес. Қарымды қаламгерлер қалыптастырған жолды кейінгі толқын да лайықты жалғастыра білді. 

Халыққа шынайы, нақты ақпар беретін алпауыт ұйым мен оның қызметкерлеріне шығармашылық табыс, өрлеу тілейміз. Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды халыққа жеткізу жолындағы еңбектеріңіз толайым табысты болсын!»


«Қазақ Радиолары» ЖШС