Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 12:00

Жаңалықтар 12:00

13 08 20 12 00

Ақмола облысының Жақсы ауданында дәрігерлер үшін аудандық аурухананың бір бөлігі 8 пәтерлі тұрғын үй ретінде қайта жабдықталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат аудан әкімдігіне сілтеме жасап. Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі кезде павлодарлық мердігер компания аурухана аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізуде. «Ғимарттың жалпы аумағы 474 шаршы метр. Онда жоспар бойынша 4 бір бөлмелі және 4 екі бөлмелі 8 пәтер болады. Желтоқсан айында дәрігер мен аудандық аурухананың қызметкерлері осы ғимараттан пәтер кілтін алады.

*****

Шымкент қаласында үлкен магистральды көшелерге веложолақтар салынып, «Shymkent bike» жобасы іске қосылады. Бұл жұмыстар толығымен аяқталғанда, тұрғындар велосипедті қоғамдық көлік ретінде пайдалана алады. Атап айтқанда «Shymkent bike» әлеуметтік-инновациялық жобасы шеңберінде 200 велосипеді бар 40 велостанция іске қосылуға дайын тұр. «Bike Sharing» жүйесі арқылы тұрғындар мен қала қонақтары велосипедті жалға алудың алғашқы 30 минутында тегін айдай алады. Яғни, велосипедтерді жақын орналасқан станцияларда алмастырып, ұзақ уақыт бойы тегін қолдануға мүмкіндік болады. Ал, абоненттік төлемдердің құны сағаты мен мерзіміне қарай 100 теңгеден басталып, 10 мың теңгеге дейін белгіленген.

*****

Қызылорда облысы Сырдария ауданының орталығы - Тереңөзек кентінде ұн өндіру комбинаты іске қосылады. Бұл инвестициялық жоба облыстың 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспарында бекітілген. Оған «Аққұм Жер» ЖШС инвестор болады. Қазір Түркиядан өндіріс комбинатына қажетті құрал-жабдықтар алынған. Оны іске қосу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

*****

Forbes әлемнің ең жоғары ақы төленетін әртістерін анықтады. Дуэйн Джонсон екі жыл бойы бұл орынды ешкімге берер емес. Джонсонның жылдық табысын Forbes 87,5 миллион долларға бағалады. Рейтингте екінші орынды жылдық табысы 71 миллион долларға бағаланған канадалық әртіс Райан Рейнольдс иеленді. Үшінші орынды жылдық табысы 58 миллион доллар болатын америкалық Марк Уолберг еншіледі. Ол осыншама ақшаны «Мак-Миллиондар» және «Уолл-стрит» деректі фильмдерінің продюсері ретінде тапқан. Сонымен бірге ондыққа Бен Аффлек, Вин Дизель, Акшай Кумар, Лин-Мануэль Миранда, Уилл Смит, Адам Сэндлер және Джеки Чан енген.

*****

UEFA Чемпиондар лигасының ширек финалы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Естеріңізге сала кетелік, Чемпиондар лигасының қалған бөлігі Португалия астанасы - Лиссабон қаласында өтеді. Ол сегіздік финалы форматында болады. Ойындар - 12-23 тамыз аралығында ұйымдастырылады. Ширек финал «Аталанта» және «Пари Сен-Жермен» командалары арасындағы кездесуден басталды. Қарсыласынан 2:1 есебімен басым түскен «Пари Сен-Жермен» жартылай финалға жолдама алды. Бұл команда енді 18 тамызда «Лейпциг», «Атлетико Мадрид» жұбының жеңімпазымен ойнайды. Аталған қос команда бүгін кездеседі. Ал ертең «Барселона» мен «Бавария», 15 тамызда «Манчестер Сити» мен «Лион» командалары шеберлік байқасады. Жартылай финал 18-19-да, финал 23 тамыз күндері өткізіледі.