Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 15:00

Жаңалықтар 15:00

Nur Otan-ның партияішілік сайлау өткізуге қатысты республикалық күнтізбелік жоспары бекітілді. Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында жазды. Осылавйша, кандидаттарды ұсыну және тіркеу 17 - тамыздан басталып 28 - тамызға дейін жалғасады. Үміткерлерге үгіт жұмыстарына дайындалу үшін 7 күн беріледі.⠀ 7 - қыркүйектен 3 - қазанға дейінгі аралықта кандидаттардың үгіт жұмыстарын, оның ішінде жария пікірсайыстар өткізу қарастырылған. Қазанның 1 - 3 аралығында мобильді қосымша және арнайы веб-портал арқылы электронды дауыс беруді өткізу жоспарланып отыр. Дауыс берудің соңғы күні бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылады. Интернет жоқ елді мекендерде осындай сайлау учаскелеріне келіп, қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс беруге болады. Кандидаттардың рейтингі көрсетілген праймериз нәтижелері 5- қазанда жарияланады», - деді Бауыржан Байбек.

*****

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының бір бағыты – қазақ тіліндегі "100 жаңа оқулық" жобасы. Ол бойынша шетелдік оқу орындардағы бағдарламаға енетін ең үздік оқулықтарды қазақ тіліне аударып, студенттерге жеткізіп беру қарастырылған. 2017 жылдан бері бағдарлама аясында 77 кітап аударылып, оқу орындарына таратылды. Олар 10 мың данамен басылып, Қазақстандағы 132 ЖОО-ның кітапханаларын толтырды, - деді Ұлттық Аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы.

*****

Биыл ШҚО да 32 мыңнан астам студент қашықтан оқиды. Дәл осындай режимде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі 69 колледж жұмыс істемек. Ал, өндірістік оқыту, кәсіптік практика, техникалық, технологиялық, медициналық мамандықтар мен өнер мамандықтары бойынша зертханалық жұмыстар дәстүрлі форматта өткізіледі. Штаттық режимде оқыту ауылдарда немесе халқы аз қалаларда орналасқан 13 колледжде ұйымдастырылатын болады.  

*****

Түркістан обласында аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан оқушылардың компьютерлік техникасы жоқ. Аймақ әкімі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, бұл мәселені шешу үшін Үкімет тарапынан 57 мыңнан астам компьютер алынуда. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен де қаражат қарастырылған.