Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 9:00

Жаңалықтар 9:00


Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет басшысын қабылдады. Асқар Мамин Елбасыға жеті айдағы елдің экономикалық дамуы туралы баяндады. Оның сөзінше Машина жасау, өңдеу және тау кен өнеркәсібі мен құрылыс саласында өсім бар. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев бұл дағдарыс – тәуелсіздік жылдарындағы ең күрделісі екен жеткізді. «Бізде ғана емес, әлемде жұмыссыздық деңгейі артып, бизнес тығырыққа тірелді. Елдер арасындағы сауда-саттық та айтарлықтай бәсеңдеген. Бірақ қолға алынған шаралар осы қиындықтарды жеңілдетуге біршама сеп болды» деді Елбасы. Кездесу соңында Елбасы Үкімет басшысына елде жұмыс орындарын көптеп ашу керектігін айтты.

*****

Келесі дүйсенбіден бастап барлық өңірлерде жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді. Олар: СОСО, сауда үйлері, сауда желілері, жабық базарлар; сұлулық салондары, шаштараз, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар; бассейні жоқ фитнес орталықтары, бассейні жоқ моншалар; балаларға арналған түзету кабинеттері, білім беру орталықтары; мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары, ашық ауадағы аттракциондар. Жұмыс берушілерге қызметкерлердің 80% үшін қашықтан жұмыс істеу форматын сақтау ұсынылады.

*****

Белгілі болғандай 17 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген карантин шаралары жеңілдетіледі. Дегенмен, бірқатар нысандардың жұмысы әзірге басталмайды. Атап айтқанда, ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, сонымен қатар үйде өткізуге; барлардың, түнгі клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына; мәдениет нысандарының, музейлердің қызметіне; бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктердің және діни нысандардың жұмысына; қала маңындағы жолаушылар пойыздарының, қалааралық автобустардың жұмыс істеуіне тыйым салынған.

*****

Сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталады. Маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау ‒ барлық адамдар үшін сақталуы тиіс міндетті санитарлық талаптар саналады.

*****

Түркістанда карантиндік шектеу шараларын сақтамай, той мен қыз ұзату, мерекелік думан ұйымдастырғандар анықталды. Айта кетейік, өңірде карантиндік тәртіпке қарамастан той-жиын мен басқосулар, мерекелік және ұжымдық іс-шараларды ұйымдастырушылар қатары азаяр емес. Жуырда ғана полицейлер Түркістан қаласындағы дәмханалардың бірінде 30 адамға ұжымдық іс-шараға тапсырыстар қабылдап, жиын өткізген азаматтарды анықтаған болатын. Бүгінде бұл заңбұзушылық бойынша жинақталған құжаттар заңды шешім шығару үшін тиісті органдарға жіберілген.