Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 12:00

Жаңалықтар 12:00

Өткен тәулікте елімізде 476 адам коронавирус жұқтырды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 101 848. Қазіргі кезде короновирустық инфекция бойынша эпид-лық жағдай тұрақтанды. Сырқаттанушылықтың тәуліктік өсімі 0,5 пайызға дейін төмендеді. Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты.

*****

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай келесі дүйсенбіден бастап барлық өңірлерде жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді. «Жұмысын бастайтын бизнес өкілдері үшін Инфо казахстан.кз сайты іске қосылды. Жұмысын бастайтын кәсіпкерлер осы сайт арқылы тіркеліп рұқсатнамасын ала алады» дейді Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

*****

Осы жылдың 7 айында елімізде бөлшек сауда көлемі 11,7 пайызға төмендеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен мәлім етті. Қаңтар –шілде айларында республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (29,3%), Нұр-Сұлтан қаласына (11,5%), Қарағанды (9,5%) және Шығыс Қазақстан(9,1%) облыстарына келеді», - делінген комитет хабарламасында.

*****

Жыл басынан бері "Еңбек" бағдарламасы бойынша 23 мыңға жуық алматылық жұмысқа орналасқан. Оның ішінде уақытша жұмыс орындарына-13 691 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 1 087 адам, қоғамдық жұмыстарға - 11 276 адам, жастар тәжірибесіне - 720 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, бүгінгі таңда Алматы қаласында 15 599 бос жұмыс орнына 11 060 хабарландыру бар. Бос орындар бойынша ақпараттармен еңбек биржасының www.enbek.kz. электронды порталында көруге болады. Сондай-ақ қаланың 6 ауданында Жастар ресурстық орталықтары жұмыс жасап жатыр.

*****

Шымкентте карантин талаптарына қатысты бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл туралы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы, қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Әбішев мәлім етті. Қаулыға сәйкес сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналатын орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар өткізу керек. Осы қаулымен қызметі тоқтатылған нысандарды немесе басқа жұмыс уақытысы белгіленген нысандарды қоспағанда барлық қызмет көрсететін нысандардың дүйсенбі-жұма күндері жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін шектеліп, демалыс күндері жұмыстары тоқтатылады. Ал көлікжуу орындарының жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін шектелумен жұмыс істеуіне рұқсат етілді.