Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 15:00

Жаңалықтар 15:00

Президент Жолдауы аясында Мәжіліс жыл соңына дейін қандай заң жобаларын қарайды? Төмеңгі Палата төрағасы Нұрлан Нығматуллиннің айтуынша, ең алдымен мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғырту үшін жыл соңына дейін «Мемлекет қызмет туралы» заңнамаға түзетулер пакетін қабылдау қажет. «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң өте маңызды. Экономикалық өсуді қалпына келтіру туралы заң жобасы аясында Мәжіліс Президенттің стратегиялық инвестициялық келісімнің жаңа құралын енгізу бастамасын іске асырады. Сонымен бірге, Экологиялық кодексті қабылдау қажет, оның жобасы қаралып жатыр. Қазақстанның ұлттық парктері мен басқа да табиғи байлықтарын заңнамалық түрде қорғап, осы салада құқық бұзушылық жасаған азаматтарды қылмыстық және әкімшілік қудалауды қатаңдату қажет болады. Бұл - жыл соңына дейін бірнеше айда қарастыратын заң жобаларының шағын тізімі. Біздің басымдығымыз – Президент Жолдауында айтылған барлық тапсырмаларды іске асыруды заңнамалық қамтамасыз ету», - деді Нұрлан Нығматулин. 

***

Сондай-ақ, Президент өз Жолдауында мемлекеттік қызметкерлер санын қысқартуды тапсырды. Саясаттанушы Расул Жұмалының пікірінше, мемлекеттік қызметкерлер саны аз болса да ұтымды жұмыс атқаруға болады.

***

Ал, Экономикалық тергеу қызметінде қандай өзгеріс болады? ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, кешенді жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында Экономикалық тергеу қызметі қайта бағдарланады. Осы орайда мұнай және мұнай өнімдерінің, акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымы; - капиталдың заңсыз ағымы; - бюджет қаражатын, оның ішінде квазимемлекеттік секторда жымқыру және ысырап ету; - салық төлеуден жалтару; - жалған шот-фактуралар жасау сияқты қылмыстарды тезірек ашу үшін жедел шара қолданылады. Айта кетейік, Президент Жолдауда Экономикалық тергеу қызметінің жұмысын көлеңкелі экономикамен күреске қайта бағдарлауды тапсырған еді.

***

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы биылдан бастап дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен көтеруді жүктеген болатын. Бұл орайда дәрігерлердің жалақысын көтеруге қанша қаражат бөлінеді. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасында аталған шығыстар қарастырылған. «247 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеруге арналған шығыстардың жалпы сомасы келесі жылы 222,3 млрд теңге, 2022 жылы 361,7 млрд теңге, ал 2023 жылы 557,5 млрд теңге шамасында болады.

***

Алматыда жоғалып кеткен 9 жасар бала табылды. Қалалық полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, бала дін аман. Бұған дейін Алматы полициясы 9 жастағы Месут Мырзақұлов 1 қыркүйекте түскі 13:00-де үйінен шығып содан оралмағанын хабарлаған болатын. Оны іздестіруге 250 адам жұмылдырылды. Оқушының әжесі жұмыс істейтін №33 мектепке барғаны анықталды.