Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ы. Тұрсынзада: Бұл «Ұран-жолдау» емес, қиын шақта қолдау болған Жолдау

Ы. Тұрсынзада: Бұл «Ұран-жолдау» емес, қиын шақта қолдау болған Жолдау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған республикалық ақпараттық-ағарту штабының төрайымы, «Алтын Сапа» сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің кавалері, «Қазақстанның ең үздік өнімінің» 5 дүркін жеңімпазы Ырза Тұрсынзада Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты пікір білдірді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пандемия жағдайында ел алдына шығып, үндеу тастаған Жолдауы халыққа сенім ұялатқанын, біраз көкейтесті, күрделі мәселелердің түйінін шешкенін атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің соңғы жылдардағы саясаты дұрыс жолға қойылған. Жығылғанның қолын байлап, кісен салғаннан гөрі, мәселенің алдын алып, қазақтың сүрінгенгенге сүйеу болатын ғасырлар бойы қалыптасқан рухани тәжірибесі бар. Нарықпен бірге ұлттық санамыз бен рухымыз күйреген заман келді. Жемқорлық – ұлтымызға жат дүние. Осы орайда, Президент өз Жолдауында қоғамның дамуына, елдің экономикалық-саяси дамуына кедергі келтіретін жемқорлықтан құтылу тетіктерін атап өтті. Агенттік парасат, адалдық, тазалықты дәріптеуде үлкен қызмет атқаруда. Өрескел жағдайда қолына кісен салып, сот органдарына тапсырғанның өзінде жазасынан құтылып кететіндер бар. Қамаққа алынғандар мерзімінен бұрын шығып жатыр. Әрине, осыдан кейін жемқорлықты тоқтату мүмкін емес. Прокуратура, сот, агенттік, Президент, бүкіл халық табандылық танытып, ұлттық қозғалыс жасауымыз керек», - деді Ырза Тұрсынзада.

Сонымен қатар, спикер қоғамдық бақылауға қатысты Президент бастамасының айрықша өзектілігіне тоқталды.

«Жолдауда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы жауапкершілігі, есеп беруі, қоғамдық қадағалауды заң жүзінде бекіту керектігі айтылды. Қоғамдық бақылау бүгінгі таңда аса қажет. Бүкіл қоғам болып қаражаттың қайда жұмсалып жатқанын қадағалап отырсақ, еліміздің дамуына бірігіп үлес қосар едік. Қоғамдық кеңестердің маңызы күн санап артуда. Қоғам мен мемлекет арасындағы байланыс күшеюде. Президент елдің мұң-мұқтажын тыңдайтын мемлекет қалыптастыруды атап өтті.

Бұл Жолдауда кәсіпкерлікке ерекше қолдау көрсетілді. Елдегі кәсіпкерлік туралы ақпаратқа қанық екені байқалды. Субсидия мәселесіне, пандемия кезінде табысынан айрылған кәсіпкерлерге үлкен мән берілді. Бұл «Ұран-жолдау» емес, нағыз қиын шақта қолдау болған Жолдау. Осы қойылған мақсаттың барлығы орындалса, біз бүгінгі сынақтан ел болып бірігіп, ұлт боп ұйысып өтетінімізге кәміл сенемін», – деп түйіндеді Ы.Тұрсынзада.


Дереккөз: astana.gov.kz