Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жолдауда еңсені көтеретін экономикадан ұлт құндылығына дейін айтылды - депутат

Жолдауда еңсені көтеретін экономикадан ұлт құндылығына дейін айтылды - депутат

Президент қоғамдағы бүгінгі мәселелерді бірінен соң бірін тізбектеп айтқанда, көбі мемлекет басшысының шын мәнінде елдің сөзіне құлақ асатынын байқағанын айтады Нұр-Сұлтан қалалық мәслихат депутаты Қарақат Әбден.

“Алдымен адам құқығын қорғау мәселесіне келейік. Қасым-Жомарт Тоқаев осы тұрғыда жаңа шара қабылдау қажеттігін шегелеп айтты. Әсіресе, интернеттегі балаға жасалған қысымдар, мазақ ету сияқты оқиғалар бүгінде өте қайғылы жағдайларға әкеп соғатынын жеткізді. Бала түгілі ересек адамдарға қарсы жазылып жүрген балағат сөздерді көтерудің өзі ауыр екенін айтқым келеді. Сондықтан, интернеттегі бейсауыт, негізсіз жазбаларға заң тұрғыдан тосқауыл қоюды қос қолдап қолдаймын. Бала демекші, сәби сүю мүмкіндігіне жете алмай отырған талай отбасының бағы ашылайын деп тұр. Президентіміз «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын жариялап, бүлдіршінге зар болып отырған отбасыларға арнайы квота санын жеті есеге көбейтуде. Мемлекет басшысының бұл шешімі бала үшін ажырасу санын қысқартып, медицинадағы эко саласына үлкен дүмпу әкелері сөзсіз. Мұндай мүмкіндік басқа елдерде жоқ екенін, өзге мемлекеттегі отбасылар қарадай қаражатын жинап, аурухана аралаумен күндері өтіп жатқаны анық”,- дейді Қарақат Әбден.

Жолдауда алдымен әлеуметтік көмектің барлығы түгелдей сандық форматқа ауыстырылатыны туралы да аталды.

“Шын мәнінде, халық көмекті тізерлеп тұрып, жалынғандай қиналып алғанын білеміз. Әлі де азаматтар құжаттарын жеткіземін деп талай есікті тоздырып отыр. Сол үшін уақытынан кешігіп, алмай отырғандары қаншама. Президенті олардың да мүддесін қорғап, әділдікті цифрландыру арқылы реттемек.

Онлайн жиын дегенге етіміз де үйренді. Карантин кезінде мәслихат депутаттарымен біраз отырысты экран арқылы өткіздік”,- деп цифрландыру мәселесін атап өтті.

Депутаттың айтуынша, шағын және орта бизнес өкілдеріне зор мүмкіндік берілген.

“Жақында ғана осы мәселені көтерген едім. Мен оған әйелдер айналысып отырған бизнеске ерекше мән берілсе екен деп қосар едім. Әрине, бизнес жынысқа бөлінбейтіні хақ. Бірақ, осы жолы әйелдер арқалап жүрген іс ерекше қолдауды қажет етіп отыр. Жердің шетелдіктерге сатылмауы, жалпы жерді икемдеудің түрлі жолдары да айтылды бұл жолы. Президент агроөнеркәсіпті жаңғыртуға бөлінген ерекше назарды мен де құп көремін. Жаңа ұлттық жоба қала маңындағы ауылдар мен кішігірім қалашықтарға жан бітіреді деген үміттемін. Сонда ғана азаматтар үлкен мегаполистерге құлшынбай, отырған жерін көркейтуге, туып өскен мекенін дамытуға тырысар еді. Экономка, инновация керек әрине, бірақ бізге бәрінен тез ауыл шаруашылығымыз көбірек пайда мен молшылық береді. Тек оған қажетті көңіл мен қаражат жетіп отырса ” - дейді Қ.Әбден.



Дереккөз: astana.gov.kz