Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Н. Жүсіп: Ата заңымыз – дамудың бағыт-бағдарын айқындап берген басты құжат

Н. Жүсіп: Ата заңымыз – дамудың бағыт-бағдарын айқындап берген басты құжат

Конституция – тәуелсіз Қазақ мемлекетінің 30 жылға жуық тарихындағы дамудың бағыт-бағдарын айқындап берген басты құжат. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп ҚР Конституциясының 25 жылдық мерекесіне орай осындай пікір білдірді. Нұртөре Жүсіп Конституция арқылы еліміз нарықтық даму жолына бет бұрып, өркендеудің нақты қадамдарын белгілеп алғанын тілге тиек етті.

«Қазіргі таңда Президентіміз көптеген іргелі бастамаларды қолға алып, нақты ұсыныстар жасап жатыр. Солардың барлығы заңдық тұрғыда қамтамасыз етіледі. Парламент депутаттары осы бағытта жұмыс істейтін болады» - деді сенатор.

Нұртөре Жүсіп Ата заңымыздың мерейлі жылымен барша қазақстандықтарды құттықтап, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіледі.


Дереккөз: inform.kz