Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Біздің киномыз - біздің қоғамымыз!»

«Біздің киномыз - біздің қоғамымыз!»

Қазақ радиосының «FILMFAN» хабарына кинотанушы, өнертану кандидаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Нәзира Рахманқызы және Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Кино тарихы және теориясы» кафедрасының доценті, PhD докторы Баубек Нөгербек тікелей байланысқа шығып, қазақ киносы жайында сұрақтарға жауап беріп, ойларын ортаға салды.

  • Шетелдік кинофестивальдерге барып, сыншылардың оң бағасын алып, жүлдегер атанған режиссерлердің басым көпшілігі орыс тілді. Мысалы: Әділхан Ержанов, Фархат Шарипов, т.б. Аталған режиссерлер ұлттық фильм идеясын, қазақтың болмысын көрерменге жеткізе ала ма? Әлде қазақ не орыс тілді болуы маңызды емес пе?
  • Нәзира Рахманқызы, сіз «Бүгінгі киноэкран: қайдасың, қазақ тілі?» деп мақала жаздыңыз. Бүгінгі отандық киноның қазақшасына көңіліңіз толмайды ғой? Тіл мәселесіне толығырақ тоқтала кетсеңіз.
  • Баубек мырза, біздің халықты кино көруге тәрбиелеуіміз керек деген едіңіз. Шындығында әлі күнге дейін үнді, кәріс, түрік сериалдарынан аса алмай жүрміз. Кино көру және талдай білу адамның деңгейін, талғамын көрсетеді. Осы талғамды қалыптастыру үшін не істемек керек? Көрерменді қалай тәрбиелесек болады?
  • «Қазақфильм» киностудиясының әлеуметтік желідегі парақшасынан оқыдық. Мектеп оқушыларына арнап онлайн дәріс оқуды бастаған екенсіз. Қай тараптан ұсыныс түсті? Бұл бастама әрі қарай жалғасын таба ма?
  • «Адамзаттың бәрін сүй» деп Абай хакім айтпақшы, жаһандық деңгейге шығу үшін ұлттық мүддені кейінге ысырып қойған дұрыс шығар. Голливудтық фильмдерден ұлт мәселесін мүлдем байқамаймыз. Ал біз болсақ әлі ұлт мәселесін қаузаумен келеміз. Мүмкін әлемдік деңгейге жетіп, сосын барып ұлттық мүддеге оралармыз?

Эфир қонақтары осы және өзге де сұрақтарға тікелей эфир барысында жауап берді.

Сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабарды жүргізгендер: Жадыра Жұмакүлбай және Нұртас Нұрғали.