Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ерікті қоныс аударушыларға мемлекет қолдау көрсетеді

Ерікті қоныс аударушыларға мемлекет қолдау көрсетеді

Еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова демалыс күндері шектеу шараларын алу мәселесіне орай пікір білдірді. Оның айтуынша, демалыс күндері шектеу шараларын алып тастау туралы мәселе әзірге қарастырылмайды. Себебеі, қазір демалыс күндеріндегі шектеулер онсыз да аз. Мәселен адамдар көп жиналатын сауда, ойын-сауық орталықтарының, жабық базарлар, фитнес-орталықтар, спа-орталықтар және сұлулық салондарының жұмысына ғана тиым салынған. Бұл өте төменгі талап саналады. «Біздің міндетіміз – эпидемиологиялық ахуал тұрақтылығын сақтау және аурудың одан ары төмендеуіне қол жеткізу», - деді Айжан Есмағамбетова.

***

Айта өтейік, бүгін елордадағы №6 қалалық емханада маусымдық тұмауға қарсы екпе салдырған ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен бірге еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова да келген болатын. Бас мемлекеттік санитар дәрігер БАҚ өкілдеріне сұхбат беру барысында 20 қыркүйектен кейін карантин шаралары қатаңдатылады деген қауесетке жауап берген еді. «Маусым-шілде айындағы ауруға шалдығумен қарағанда бүгінде елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты екендігін айта аламыз. Мемлекеттік органдардың ақпаратын, яғни, ресми ақпараттарды ғана пайдаланыңыздар. Жиын өтіп, талқылаудан кейін қыркүйекте карантин енгізеді деп жүргендерге айтарым, мұндай ресми ақпарат жоқ. Барлығы да эпидемиологиялық ахуалға байланысты», - деді Бас санитар дәрігер.

***

Биылдан бастап "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындаудың конкурстық рәсімдері толығымен автоматтандырылып, бірыңғай онлайн-платформада өтіп жатыр. Үлгі ретінде Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу жүйесі алынды, деп хабарлайды zakon.kz. Біріншіден, құжат қабылдау толық автоматтандырылған және тек egov.kz порталында жүзеге асырылады. Екіншіден, үміткердің өтетін барлық іріктеу кезеңі цифрландырылған. Үміткерге жеке кабинетінде бірегей код беріледі. Өтініш берушінің жеке деректері бірегей сәйкестендіру жүйесі арқылы кодталады. Үшіншіден, іріктеудің І кезеңі – кешенді тестілеу мазмұны сапалық тұрғыдан өзгертілді. ІІ кезең – Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен дербес сұхбат та онлайн өтіп жатыр. Конкурстық іріктеудің екі кезеңінің қорытындысы бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы соңғы шешімді Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия қабылдайды.

***

2020 жылдың 8 айында Қазақстанның жұмыс күші көп өңірлерінен жұмыс күші тапшы өңірлеріне жалпы саны 4 386 адам, оның ішінде еңбекке жарамды жастағы 2 303 адам бар 1 273 отбасы қоныс аударған. Еңбекке жарамды отбасы мүшелерінің ішінен 1 652 адам жаңа тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналастырылған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары қоныс аударушылардың шығу өңірлері болып айқындалды. Қабылдау аймақтары: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Мемлекеттік бағдарлама аясында ерікті қоныс аударуға қатысушылар үшін субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады, атап айтқанда: көшуге-отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК-тен бір жолғы төлем (92 мың теңге); 12 ай ішінде ай сайын 15-тен 30 АЕК-ке дейін (39 мыңнан 79 мың теңгеге дейін) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығындарды өтеу үшін отбасы мүшелерінің санына және жергілікті жерге байланысты төленеді. Сондай-ақ қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда. 2020 жылы барлығы 5 825 адамды (1 631 отбасы) көшіру жоспарлануда.