Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тұмауға қарсы екпе салдыру басталды

Тұмауға қарсы екпе салдыру басталды

Биыл тұмауға қарсы екпе салдыру жұмыстары 1 қазанда емес, 15 күнге ерте қолға алынды. Оған қараша мен желтоқсан айларында коронавирус індетінің жаңа толқынының орын алу қаупі себеп болып отыр. Бүгіннен бастап қарашаның 15-іне дейін жалғасатын екпе жасау үшін еліміз ресейлік «гриппол+» вакцинасының шамамен 2,2 млн дозасын сатып алған. Бұл республика тұрғындарының 10 пайыздан астамын вакцинациялауға жеткілікті. Бұған қоса, ұжымдарға ұйымдастырылған жеке кабинеттерді ақылы түрде халыққа екпе жасау үшін 1 миллионға жуық доза екпе сатып алынады. Ақылы екпенің бағасы еліміздің өңірлеріне байланысты 3,5 мың теңгеден бастап 4-4,5 мың теңгеге дейін болады.

***

Шымкентте шектеу шаралары 28 қыркүйекке дейін созылды.

Бұл туралы қаланың Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында белгілі болды. Құжатқа сәйкес сұлулық салондары мен SPA орталықтарының уақыты кешкі 21:00-ге дейін ұзартылды. Олар тек жұмыс күндері ғана ашық болады. Қоғамдық көлікке аптаның 6 күнінде қатынауға рұқсат берілді. Бұған дейін автобустар тек дүйсенбі мен жұма аралығында жүретін. Сондай-ақ енді демалыс күндері ашық аспан астындағы азық-түлік сататын және өзге де базарлар мен сауда орындарының жұмысына шектеу қойылмайды. Отбасылық жиын-той өткізуге рұқсат берілген жоқ.

***

Осы жылдың 8 айында Қазақстанның жұмыс күші көп өңірлерінен жұмыс күші тапшы өңірлеріне жалпы саны 4 386 адам, оның ішінде еңбекке жарамды жастағы 1 273 отбасы қоныс аударды. «Еңбек» бағдарламасында еңбек ресурстарының ұтқырлығын ынталандыру үшін Үкімет айқындайтын өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын адамдарға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары қоныс аударушылардың шығу өңірлері болып айқындалды. Ал Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары қабылдау аймақтары саналады. Биыл барлығы 5 825 адамды көшіру жоспарланып отыр.

***

Өскемен-1 станциясындағы желілік полиция бөлімі басшысының жетекшілік етуімен «Транзит» жедел алдын алу шарасы аясында Шығыс Қазақстан облысы, Серебрянск теміржолына жақын орналасқан жер үйлердің біріне тінту жүргізіліп, 45 жастағы азаматтың бақшасында, ауласында, және үйінің ішінде полиэтилен пакеттерге салынған, өткір иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес заттар табылды. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, бұл заттар қарасора мен кептірілген марихуана болып шықты. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 50 келіден асады. Аталған факті бойынша есірткі заттарын аса ірі көлемде заңсыз сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.

***

Жерорта теңізінде 40 күн болып, Дания елінің кемесіне отырғызылған мигранттар тобына Италиядан түсуге рұқсат етілді. Арасында жүкті әйел бар 27 мигрант Ливиядан 2 тамыз күні аттанған делінген хабарламада. Мигранттар отырған қайық суға бата бастаған соң, олар Дания елінің жақын маңда жүзген Maersk Etienne танкеріне отырғызылды. Танкер теңізде бір айдан көп уақыт жүзді. Сенбі күні кешке кеме Италияның Сицилия жағалауына тоқтауға рұқсат алды. БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, Еуропа жағалауына түскен мигранттардың жалпы саны 40 мың, соның ішінде 400-ден астам адам із-түссіз жоғалған.