Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде карантин шаралары жеңілдетілді

Елімізде карантин шаралары жеңілдетілді


Елдің орнықты дамуын стратегиялық жоспарлау және экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды тереңдету мақсатында Президент жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелді.

***


Ал бұған дейін құрылған Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы болып «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. 

***

Қазақстанда карантин шаралары жеңілдетіліп, демалыс күндері кей нысандардың жұмысына рұқсат берілді. Тиісті шешім ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды. Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және жұмыс күндері келушілер ағынын азайту мақсатында демалыс күндері сұлулық салондары, шаштараздар, фитнес, спорттық-сауықтыру орталықтары, тренажер залдары, спорттық кешендер, СПА-салондар, сауна мен бассейндер және діни нысандар жұмыс жасайтын болды. Басты талап- infokazakhstan.kz порталында тіркеліп, алдын ала жазылу бойынша келген азаматтар бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек. Сонымен қатар, медициналық маскалардың шекті бөлшек сауда бағасы 80 теңгеден 60 теңгеге дейін, яғни 25%-ға төмендеді. Сондай-ақ, үшінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтарға, мемлекеттік инстанцияларға жүгінбей, 2020 жылдың 4 тоқсанында автоматты түрде ұзарту туралы шешім қабылданды.

***

Бүгін Ақмола облысында тұмауға қарсы екпе егу жұмыстары басталады. Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусинаның айтуынша, тұмауға қарсы вакцина алу үшін тұрғындар тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханасына баруы тиіс. Облыс аумағында екпе егетін 293 ем-шара кабинеті анықталып отыр. «Қауіпті» топтағы тұлғаларға тегін 82 048 вакцина қарастырылған. Осы бағытта жергілікті бюджет есебінен 13 миллион 962 мың теңгеге ресейлік «Гриппол плюс» вакцинасы сатып алынды. Бұл препарат биылғы эпидемологиялық маусымда байқалады деп болжанып отырған тұмаудың А және В түрлеріне қарсы егілмек. Облыстың бас санитар дәрігері атап өткендей, тұмауға қарсы тегін екпені медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер, созылмалы ауруымен диспансерлік есепте тұрған ересектер мен балалар, жиі ауыратын 6 айдан асқан балалар, жабық мекемелердегі адамдар алады.

***

30-дан астам білім ошағы мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖОО тізімінен алып тасталды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Telegram-дағы парақшасында хабарланғанындай, байқауға барлығы 108 ЖОО қатысты. Іріктеу кезінде білім беру бағдарламалары бойынша аккредиттеу, түлектердің жұмысқа орналасуы, бағдарламалардың сапасы және оқу орындарының «Атамекен» ҰКП рейтингіндегі позициясы сияқты талаптар ескерілген.