Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Биыл өңірлерде 206 жоба іске қосылады

Биыл өңірлерде 206 жоба іске қосылады

Биыл өңірлерде жалпы сомасы 995 млрд теңгені құрайтын 206 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин айтты. Үкімет басшысының сөзінше, жобаларды іске қосу нәтижесінде 19 мың жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.

***

Ал, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту шараларын атады. Ведомтсво басшысының сөзінше, пандемия басталғалғалы бері жеке қорғаныс құралдарын шығару көлемі 10 есе артқан.

***


Нұр-Сұлтанда жылыту маусымына дайындық жүргізілуде. Елорда әкімі Алтай Көлгінов жылу беру маусымы, көмір сату және газдандыру бойынша бірқатар тапсырма берді. Қазіргі уақытта тұрғын үйлер 97%, білім беру нысандары 99%, денсаулық сақтау 100%, электрмен жабдықтау желілері 82% дайын. Қала басшысы барлық көрсеткіштерді 100%-ға жеткізіп, жаңа нысандарды жылуға қосу көздерін анықтап, қуаттылықты тексеру қажеттігін айтты. Қалада көмір тасымалдайтын 7 компания, түрлі аудандарда орналасқан отын сататын 11 нүкте бар. Отынның бағасы мен мөлшері туралы толығырақ ақпаратты 109 жедел желі нөмірі арқылы білуге болады. Ережеге сәйкес, жылыту маусымы бес тәулік бойы сыртқы ауаның орташа температурасы +10 °С жылы немесе одан төмен болған кезде басталады. 

***

Түркістан облысында 27 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза негізсіз қолданылған. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аймақ бойынша департаменті жария етті. Аталған департаменттің мәліметінше, өңірдегі мемлекеттік органдармен өз қызметшілеріне қолданылған тәртіптік жазаларға тиісті талдау жүргізілген. Нәтижесінде, мемлекеттік органдармен тәртіптік жаза қолдану туралы қағида талаптары бұзылғаны және бірқатар мемлекеттік қызметші орынсыз жауапқа тартылғаны анықталған. Осыған орай, аталған заң бұзушылықтарды жою бойынша Департамент тарапынан тиісті ұсыныстар енгізілген. Негізсіз қолданылған бұйрықтардың күштері жойылып, аталған 27 адамның құқықтары толыққанды қалпына келтірілген. Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 662 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылған.