Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Еуропарламент отырысы Брюсссельге ауыстырылды

Еуропарламент отырысы Брюсссельге ауыстырылды

Қазіргі этносаяси жағдайды зерделеп, ұлтаралық келісімді нығайтуда халықаралық тәжірибенің алар орны зор. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды. Шетелдік елшілік өкілдерінің қатысуымен өткен жиында ұлтаралық татулықты нығайту үшін Қазақстанда атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтылды. Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл этносаралық қатынасты дамыту жөнінде комитет және Президент жанынан Қоғамдық келісім ұйымы құрылған еді. Осылайша, консультативтік институттың мемлекеттік басқарудағы рөлі арта түсті. Бұдан бөлек, ұлтаралық татулықты насихаттауда елеулі үлес қосқан қоғам белсенділеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалі табысталды.

***

Еуропарламенттің осы аптада Страсбургте өтуі тиіс пленарлық отырысы Брюсссельге ауыстырылды. Оған Францияның Эльзас аймағында індетпен байланысты жағдайдың нашарлауы себеп. Жақында жергілікті билік Страсбург қаласында дерттің таралуының күшеюінен шаһарды «қызыл аймаққа» кіргізген. Ал Еуроодақтың заң шығарушы органының басшылығы жиыннан кейін Брюссельге оралса, 2 апта карантинге жабылар еді. Еске сала кетейік, Еуропарламент отырысы наурыз айында да коронавирустан Страсбургте өтпей қалған. Жергілікті билік індетпен ахуал жақсарып, еуродепутаттардың Эльзас орталығына қайта оралатынына сенім артып отыр.

***

Жапонияда алғаш рет 100 жасқа толған 80 мыңнан аса адам тіркелді, - деп хабарлайды Kyodo. Осы елдің Денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі жариялаған мәліметтерге сәйкес, жүзжылдықтар саны өткен жылмен салыстырғанда 9 176 адамға артқан. Бұл ретте жалпы санның 88,2 пайызы - әйелдер. Дереккөз мәліметінше, 2019 жылы Жапонияда өмір сүрудің орташа ұзақтығы әйелдерде 87,45 жыл, ал ер адамдарда 81,41 жас болған, бұл рекордтық көрсеткіш деп жазады басылым.

***

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы қазанның 9-ы күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жекпе-жек өткізеді. BoxRec-тің хабарлауы бойынша, Жәнібек Әлімханұлы The Bubble аренадағы бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Әзірге отандасымыздың қарсыласы кім болары белгісіз. Жәнібек Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегінде канадалық боксшы Альберт Он­олу­носпен кездесті. 2019 жылы күзде өткен тартыста ол 39 жастағы боксшыны алтыншы раундта нокаутпен жеңген еді.Айта кетерлігі, The Bubble аренада өтетін бокс кешінде Эмануэл Наваррете (31-1, 27 КО) мен Рубен Вилья (18-0, 5 КО) кездеседі. Бұл – аталған кештегі басты жекпе-жек. Олар жартылай жеңіл салмақтағы WBC чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

***

Сондай-ақ қазан айында АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өтетін бокс кешінде қазақстандық былғары қолғап шебері Дархан Жұмсақбаев шаршы алаңға шығады. Ол кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады prosports.kz. Отандасымыз жартылай жеңіл салмақта 31 жастағы никарагуалық Осмель Майоргаға (2-0, 1КО) қарсы жұдырықтасады. Nelsons Promotion компаниясы ұйымдастыратын кешке Қанат Ислам да қатысады. Әзірге оның қарасыласы кім екені белгісіз.