Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жапонияда 100-ге толған 80 мың адам тіркелді

Жапонияда 100-ге толған 80 мың адам тіркелді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады. Ол Президентті жаңадан құрылған Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды. Президентке еліміздегі бәсекелестікті дамыту, оған қолайлы жағдай жасау және ұлттық идея ретінде қабылдау мақсатында атқарылатын іс-шаралар туралы баяндалды. Осы мақсатта барлық салалар мен аймақтарды қамтитын бәсекелестікті дамыту жөнінде Ұлттық жоба әзірленеді. Салалық және аймақтық бәсекелестік талаптары жасалады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттік басшысына Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы бәсекелестікті қорғау және экономиканың тиімділігін арттыруға бағытталған тапсырмаларды орындаудың маңыздылығына тоқталды.

***

«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында алдағы 6 жылда 11 мың шақырым автожол салу және қайта жаңғырту, сондай-ақ республикалық жолдардың 11 мың шақырымын күрделі және орташа жөндеу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бейнеконференция форматында өткен қоғамдық кеңес отырысында айтты. Сонымен қатар оның сөзінше ведомства алдында, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар жолдар үлесін 100, І және ІІ техникалық санаттағы жолдарды 60 пайызға дейін жеткізу, жол бойындағы сервис объектілерімен 100 пайыз қамтамасыз ету міндеті тұр.

***

Сенат депуттары «СҚ-Фармация» қоймаларын тексеріп, жасанды демалу жабдықтары өндірісінде болды. Қоймаларды аралау кезінде компанияның Басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев сенаторларға атқарылған жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісті, жоспарлар мен жобалар туралы айтып берді. Сондай-ақ, СК-Фармация короновирустың екінші ықтимал толқынына дайындығын көрсетті. Сенаторлар гуманитарлық жүктің аймақтарға жеткізілу мәселесі, ауруханалардың КВИ мен пневмония дертіне шалдыққандарды емдеуге арналған жабдықтардың түгелдігін сұрады.

 ***

Түркістан облысы Кентау қаласында 60 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып қалды. Баспана кілттері мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасылар мен түрлі санаттар бойынша кезекте тұрған тұрғындарға жыл соңына дейін беріледі. « 600 пәтері бар үйлердің аймағы 33 240 шаршы метр. Тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылып, балалар ойын алаңшаларымен тұрғындарға арналған демалыс орындарымен қамтылады», дейді Кентау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Ерлан Алдыбаев. Қалада сонымен қатар 5 қабатты 25 пәтерден тұратын 96 тұрғын үйдің жобалау сметалық құжаттамасы әзірленген. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады.

***

Жапонияда алғаш рет 100 жасқа толған 80 мыңнан аса адам тіркелді. Елдің Денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі жариялаған мәліметтерге сәйкес, жүз жасағандар саны өткен жылмен салыстырғанда 9 176 адамға көбейіп, 80 450-ге жетті. Жүзге тлғандардың 88,2 пайызы - әйелдер. Дереккөз мәліметінше, 2019 жылы Жапонияда өмір сүрудің орташа ұзақтығы әйелдерде 87, ал ер адамдарда 81 жас болатын, бұл рекордтық көрсеткіш делінген ақпаратта.