Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Фонограммаға қатысты жаңа талаптар енгізіледі

Фонограммаға қатысты жаңа талаптар енгізіледі

Елімізде фонограмманы қолдануға байланысты жаңа талаптар енгізілетін болады. Бұл туралы бүгін Мәжіліс депутаттары Мәдениет мәселелері бойынша тиісті заңнамалық түзетулерді мақұлдаған кезде белгілі болды. Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, депутаттар концерт ұйымдастырушыларының фонограмманы пайдалану туралы алдын-ала хабарлау міндеттілігін заңнамада нақты белгілеуді ұсынған.Нұрлан Нығматулин атап өткендей, заң жобасымен жұмыс жасау кезінде депутаттар, ең алдымен, көрермендердің мүдделерін ескерді.

***

Сонымен бірге, заң жобасы цифрлық форматта бірыңғай кітапхана желісін қалыптастыру, шығармашылық бастамаларды қолдау қорларын құру және баспа жұмысын жетілдіру тәртібін анықтайды.

***

Білім және ғылым министрлігі 25 жоғары оқу орнынан 60 лицензияны қайтарып алды. Олардың басым бөлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінен тексерісінен кейін алынған. Негізінен бұл ЖОО-лар «Педагогикалық ғылымдар», «Өнер», «Гуманитарлық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары», «Техника ғылымдары», «Әлеуметтік ғылымдар» «Қызмет көрсету» және «Әлеуметтік жұмыс», бағыттары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырды. Жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша бірқатар оқу ошақтарының нормативтік құқықтық актілерді сақтамағаны анықталды. Олқылықтарға негізінен талапкерлерді қабылдау, профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, конкурс арқылы алмастыру, оқу жүктемесін жоспарлау, білім алушыларды қорытынды аттестаттау, диплом бланкілерін есепке алу кезінде жол берілген.

***

Түркістан облысы Кентау қаласында жыл соңына дейін 600 отбасыға баспана берімек. Бүгінде шағын қалада 60 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Іргетасы өткен жылы қаланған үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл баспаналар жыл соңында, қаланың 65 жылдық мерейтойына орай мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасыларға берілмек. Сондай-ақ, түрлі санаттар бойынша кезекте тұрған тұрғындарға тапсырылады деп күтілуде.

***

Сыр өңіріндегі 173 мәдениет үйінде 854 үйірме жұмыс жасайды. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Ахметтің мәліметінше, Мемлекет басшысының Жолдауы аясында алдағы уақытта үйірмелер саны артпақ.