Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Карантиндік шектеу шаралары туралы қаулыға өзгерістер енгізілді

Карантиндік шектеу шаралары туралы қаулыға өзгерістер енгізілді

«Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Өзгеріс енгізілген қаулыға сәйкес, елімізде ойын-сауық орындары, атап айтсақ караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалары және кинотеатрлардың, букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынды. Тек маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлардың қызметіне рұқсат берілген.

Сонымен қатар, демалыс және мереке күндері азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтайды.

Еске салсақ, Қазақстанның бас санитарлық дәрігері шектеу шараларына қатысты қаулысына 28 тамызда өзгерістер енгізілген болатын.


Дереккөз: inform.kz