Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елордада 24 мыңнан астам адам тұмауға қарсы екпе салдырды

Елордада 24 мыңнан астам адам тұмауға қарсы екпе салдырды

Елордада екпе салу қараша айының басына дейін жалғасады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Бүгін таңда Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов емханаға барып, тұмауға қарсы екпе салдырды. Басқармасы басшысы екпенің маусымдық аурулардың өршуі кезіндегі маңыздылығын да атап өтті.

"Вакцинация - аурудың ауыр сипаты мен оның кең таралуын ескере отырып, тұмаудан қорғаудың ең қисынды әдісі. Сонымен қатар, қазір осы кезең үшін стандартты аурулардың (суық тию, тұмау) қоздырғышы болуы мүмкін коронавирус инфекциясы кезеңінде вакцинация өте маңызды! Баршаңызды вакцина алуға және өз денсаулығыңызға жауапты болуға шақырамын!" - деді Тимур Мұратов қала тұрғындарына.

Еске сала кетейік, елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы екпенің 110 мың дозасын сатып алған болатын. Ол ТМККК пакетіне кіреді және халықтың белгілі бір тобы үшін тегін жүргізіледі. Атап айтқанда: созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балаларға, медицина қызметкерлеріне, жүкті әйелдерге (жүктіліктің 2-3-ші триместрі), жабық мекемелердегі адамдарға (балалар үйі, сәбилер үйі, мектеп интернаты), мүгедектерге (ересектер мен созылмалы аурулары бар балалар); 60 жастан асқан қарттарға.

Нұр-Сұлтанда вакциналау басталғаннан бері 24,6 мың адам тұмауға қарсы екпе алды. Олардың 6300-і балалар, оның ішінде 211 адам сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, мектеп-интернаттарда, мүгедек балаларға арналған интернаттарда. Екпе алған ересектер саны 14 мың адамнан асты.

Елордада екпе салу қараша айының басына дейін жалғасады.